22.06.2020 ШҚМУ қабылдау комиссиясы шығармашылық білім беру бағдарламаларына өтінім мен құжаттарды қабылдайды ШҚМУ қабылдау комиссиясы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 20 маусым мен 7 шілде аралығында келесі шығармашылық білім беру бағдарламаларына (мамандықтарына) өтініштер мен құжаттарды қабылдайды және 8-13 шілде аралығында әрбір мамандық бойынша 2 шығармашылық емтихан өткізеді: 1. Дене мәдениеті және спорт; 2. Сауықтыру дене мәдениеті; 3. Бастапқы әскери дайындық; 4. Музыкалық білім беру; 5. Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика; 6. Журналистика 7. Дінтану-философия Әрбір шығармашылық емтихан бойынша ең жоғары көрсеткіш саны 40 балл; ең төменгі-5 баллдан кем емес боуы қажет; Талап етілетін құжаттар тізімі: 1. Жеке куәлік (көшірмесі) 2. Диплом қосымшасымен (түпнұсқа) 3. ҰБТ сертификаты (2020 жылғы қаңтар айының) - ақылы оқуға түсетін мектеп түлектері үшін, сертификатта ҰБТ пәндері бойынша: 1) Қазақстан тарихы - 5 баллдан кем емес; 2) Оқу сауаттылығы – 5 баллдан кем емес; 4. ҰБТ сертификаты (2020 жылғы маусым айының) - 2020 жылғы 13-20 шілде аралығында республикалық мемлекеттік білім беру грантының конкурсына үміткер ретінде қатысатын мектеп түлектері үшін және сертификатында келесі пәндер бойынша ҰБТ баллдары: 1) Қазақстан тарихынан - 5 баллдан кем емес; 2) Оқу сауаттылығынан – 5 баллдан кем емес көрсеткіштері бар; 5. ҰБТ сертификаты (маусым айы) – күндізгі оқу түріне түсетін, 2020 жылғы 13-20 шілде аралығында республикалық мемлекеттік білім беру грантының конкурсына үміткер ретінде қатысатын колледж түлектері үшін және ҰБТсертификатында арнайы емтиханнан - 5 балдан кем емес көрсеткіші бар болған жағдайда. 6. 086 у нысанындағы медициналық анықтама 7. 3х4 көлеміндегі фотосурет – 6 дана 8. Бар болған жағдайда келесі құжаттар қосымша ұсынылады: - "Дене мәдениеті және спорт", "Сауықтыру дене мәдениеті" білім беру бағдарламаларына (мамандықтарына) түсетін талапкерлер үшін - "Спорт шебері" немесе "Спорт шеберіне кандидат", республикалық және халықаралық жарыстардың 1,2,3 дәрежелі дипломдары, республикалық, халықаралық жарыстардың чемпионы атағын беру туралы куәліктер мен құжаттары; - "1,2 топтағы мүгедек", "Бала кезінен мүгедек, мүгедек-балалар" жағдайын растайтын анықтамалар; - "Жетім балалар", "Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" жағдайын растайтын құжаттар; - отбасы құрамы туралы анықтама, "Көп балалы отбасынан шыққан"," Арнайы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан" жағдайын растайтын құжаттар және т. б. Өтініш пен құжаттар тапсыру үшін: 1. www.vkgu.kz сайтында "Талапкерлерді тіркеу" терезесінде тіркеліп, келесі ұялы телефон нөмірлеріне хабарласу қажет: телефон: 87771741266 (Елена Анатольевна); 87777098388 (Анара Атымбековна); 2. 2020 жылдың 7 шілдесіне дейін 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34 мекен-жайы бойынша қабылдау комиссиясына құжаттардың түпнұсқаларын тапсыру керек. Call-орталық: 540-812; 540-144; 87013457689; 87777098388; 87772826092. Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы View the full image