12.12.2019 ШҚМУ мен өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы онлайн сабақ өткізді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы бірлесіп ашық онлайн сабақ өткізді. Ашық сабақты ШҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, ТФжХҚ факультеті деканының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Әсем Әубәкірова жүргізді. Сабаққа қала мектептерінің 10-11 сынып оқушылары және «Цифрлық гуманитаристика» мамандығының 2 курс студенттері қатысты, сонымен бірге облыс мектептері онлайн қосылды. Сабақ тақырыбы – «ҚХА – ұлттық және этносаралық диалогтың көрінісі ретінде». Мақсат – сандық формат арқылы осы тақырыпқа қатысты оқушылардың ақпараттық өрісін кеңейтіп, ел тарихына қызығушылығын арттыру. Қазақстан тарихы кафедрасы View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image