18.05.2019
ШҚМУ өкілдері Өзбекстандағы Қазақстан білімі күндеріне қатысуда
Мамырдың 10-нан 21-іне дейін Өзбекстанда Қазақстан білімі күндері өтуде, олар Ташкент, Самарканд, Қарши, Бұқара, Нөкіс шаһарларында ұйымдастырылады.
Қазақстан делегациясының құрамында 46 жоғары оқу орнының өкілдері бар.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ делегациясы да осы шараларға қатысуда.
Көрмелерде өзбек түлектері университет өкілдерінен ЖОО-лар, оларға түсу шарттары, мамандықтары туралы ақпарат алады.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес Өзбекстандағы Қазақстан білімі күндеріне шамамен 25 адам қатыспақ.
Баспасөз қызметі