01.09.2019
ШҚМУ оқытушылары мен студенттері қала мұғалімдерін Білім күнімен құттықтады
Білім күніне арналған «Мұғалімді оқу жылының басталуымен құттықта» акциясы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары мен студенттері Өскемен қаласындағы мектептердің салтанатты іс-шараларына қатысты.
ШҚМУ оқытушылары мен студенттері университетпен тығыз байланыс орнатқан мектептердің басшыларына ЖОО ректоры Мұхтар Төлегеннің атынан алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстады.
«Құрметті әріптестер! Сіздерге керемет көңіл-күй, шығармашылық ізденіс, қызықты ойлар және өзара ынтымақтастықты дамытудың жаңа бастамалары мен мүмкіндіктерін тілейміз!» делінген құттықтауларда.
Баспасөз қызметі