Қытай Халық Республикасы Қазақстан тарихын зерттеу үстінде. Тарих ғылымдарының докторы А.Н. Алексеенко қытай тіліне аударылған оқулықтың авторы атанып отыр.
Аспа асты елінде қытай тілінде Қазақстан тарихы оқулығы шықты, оның авторлары қатарында оқытушымыз, тарих ғылымдарының докторы, «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры А.Н. Алексеенко бар.
2001 жылы авторлар «Қазақстан тарихы: халықтар мен мәдениеттер» (Алматы) оқулығын дайындады. Қолжазбаның хронологиясы 1900-2000 жылдарды қамтыған.
Оқулықта отандық демографиялық мектептің негізін қалаушылардың бірі А. Алексеенконың Қазақстандағы тарихи-демографиялық процестерге шолуы ерекше орын алады.
2018 жылдың соңында осы оқу құралы Қытайда қайта шығарылды. Енді ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихын қытай тілінде оқуға мүмкіндік туды.
Қазақстан тарихы кафедрасы