09.12.2019 ШҚМУ оқытушысы «Ұлы даланың әуезді әуендері» кітабын құрастырып шықты А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада Тәуелсіздік күніне орай танымал музыкант, композитор, оқытушы Уатхан Жүнісов жетекшілік ететін шығармашылық топтар дайындаған «Ел бірлігі»/«Біз біргеміз» тақырыптық музыкалық бағдарламасы өтті. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ музыкалық білім кафедрасының аға оқытушысы Уатхан Жүнісов ұлттық музыка саласындағы жас таланттарды қолдап, олардың шеберліктерін шыңдап, көркемөнерпаздар шығармашылығын дамыту бағытында белсенді қызмет етуде. «Ел бірлігі» бағдарламасында Уатхан Жүнісов құрастырған «Ұлы даланың әуезді әуендері» музыкалық шығармалар жинағы ұсынылды. Бұл кітапта қазақ, қырғыз және Алтай аймағының ақын, композиторлары мен таныла қоймаған әуесқой сазгерлерінің ән-күйлері нотаға түсіріліп, оған қоса өмірбаяндары және облыстың музыкалық аспаптар жасаушы шеберлерінің жұмыстары туралы баяндалған. Кітап музыкалық білім алушылар мен өнерсүйер қауымға арналған. Кеш қонақтары «Ертіс концерт» әншісі Айжан Мазкенованың, «Әлдикөк», «Серпін», «Қазына» ансамбльдерінің орындауындағы халық әндерін, қазақ сазгерлерінің әндерін тыңдады. Пушкин атындағы облыстық кітапхана View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image