13.02.2020
ШҚМУ өскемендік 22 мектеп қатысқан ЖОО-лар мен колледждердің онлайн-таныстырылымына қатысты
ШҚМУ Өскемендегі 9-11 сынып оқушыларына арналған ЖОО-лар мен колледждердің онлайн-таныстырылымына қатысты. Іс-шараға қаланың 22 мектебі тартылды.
ШҚМУ-ды қаржы және аудит кафедрасының аға оқытушысы, кәсіби бағдар беруші менеджер А. Жапарова таныстырды.
Университетке түсу шарттары, дайындық бағыттары, білім бағдарламалары, студенттік өмір, еңбекпен қамту мүмкіндігі – осы бойынша барлық ақпарат оқушыларға ұсынылды.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы