24.04.2020
ШҚМУ профессоры Оразбек Апышевқа «Күршім ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді
Күршім аудандық мәслихаты депутаттарының бірауызды шешімімен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ математика кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар Академиясының мүше-корреспонденті Оразбек Демесінұлы Апышевқа «Күршім ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Кафедра ұжымы Оразбек Демесінұлын шын жүректен құттықтайды!
Математика кафедрасы