11.09.2019 ШҚМУ ректоры АҚШ-тың білім саласы өкілдерімен іскерлік кездесу өткізді C. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Аризона штаты университетінің философия докторы, сертификатталған аудитор Уадия Атия (АҚШ), Berry Riddell LLC компаниясының заңгері Хью Холлман (АҚШ) және Қазақ-Америка еркін университеті мансапты және тұлғаны дамыту орталығының директоры А. Астафьева болды. ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген қонақтарды факультеттердің және құрылымдық бөлімшелердің қызметімен, білім беру және халықаралық бағдарламалармен, ғылыми жобалармен таныстырды. Сондай-ақ, ректор академиялық ұтқырлық саласындағы ықтимал ынтымақтастық тетіктерін, бірлескен ғылыми жобалар мен Fulbright сынды білім беру бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Fulbright – студенттер, ғалымдар, оқытушылар, мамандар үшін халықаралық білім беру алмасуларын қамтамасыз ететін білім гранттарының бағдарламасы. Бүгінде ШҚМУ-дың екі шет тілі мамандығы бойынша 2 курс студенті Темірлан Теміртаев Теннеси технологиялық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуда. Уадия Атия мен Хью Холлман қазақ студенттері үшін АҚШ-та оқудың шарттары туралы айтып, Қазақстанға жаңа мүмкіндіктерді зерделеу үшін келгендіктерін жеткізді. Уадия Атия өз университетінің инновациялығын атап, техникалық және көркемдік бағыттардың, инженерия, заңтану, медицина салаларының дамығанын, зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізілетінін хабарлады. – АҚШ-тың көптеген университеттері қоғамды жоғары деңгейде дамытуға бағытталған, – деп атап көрсетті Хью Холлман. Стратегиялық даму және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Ирина Ровнякова меймандарға №5 оқу ғимаратын аралатып, «Зияткер» орталығымен және облыстың білім мұражайымен таныстырды. – Біз үшін бұл кездесу өте маңызды әрі қызықты, – деп түйіндеген ректор қонақтарды 12 қыркүйекте өтетін ШҚМУ-дың тұңғыш ректоры, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың құрметті профессоры, химия ғылымының докторы, ҰҒА академигі Е. Мәмбетқазиев атындағы жалпы химия оқу дәрісханасының ашылуына шақырды және келешекте оқу орнына серіктестік орнату мақсатымен келулеріне тілектестік білдірді. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image