27.06.2019 ШҚМУ ректоры Арыс қаласының түлектеріне 10 грант бөлді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген Арыс қаласының мектеп түлектері үшін университетте тегін оқу құқығын беретін 10 білім грантын бөлді. Естеріңізге салсақ, 24 маусымда Түркістан облысындағы әскери бөлім қоймасында жарылыс болған-ды. Арыс қаласындағы снарядтар мен қару-жарақтар өртенді. Кәсіподақ жиналысында ШҚМУ ұжымы зардап шеккендерге ерікті гуманитарлық көмек көрсету акциясын қолдап, бір күндік жалақыларын арнайы ашылған қорға аударуды ұйғарды. https://www.vkgu.kz/ru/newsitem/v-vkgu-proshlo-profsoyuznoe-sobranie-pre... Жоғары оқу орнында гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды. https://www.vkgu.kz/ru/newsitem/vkgu-sobiraet-gumanitarnuyu-pomoshch-dly... Баспасөз қызметі View the full image