Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры оқу орны атынан ҚАЕУ президентін университеттің 25 жылдығымен құттықтады

Президенті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың тұңғыш ректоры Е.Ә. Мәмбетқазиев болып табылатын Қазақ-Америка еркін университетінің 25 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға университет ректоры М.Ә.Төлеген қатысты. 

Қазақ-Америка еркін университетінің президенті Е.Ә. Мәмбетқазиев – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың тұңғыш ректоры, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың құрметті профессоры, химия ғылымының докторы, ҚР ҰҒА академигі, Кентукки университетінің (АҚШ) құрметті профессоры, Атлантис университетінің (АҚШ) құрметті жаратылыстану ғылымының докторы. 

Аңыз-адам Ережеп Әлқайырұлы Мәмбетқазиев – ЖОО тәжірибесіне мақұлданған және енгізілген білімдегі, ғылымдағы бірқатар инновациялардың авторы. Е. Мәмбетқазиев ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өзі ашқан халықаралық серіктестік (АҚШ-пен бірге) ЖОО – ҚАЕУ жобасының авторы, «Парасат» орденімен марапатталған.

Бұл наградаға С. Аманжолов атындағы медаль қосылды, оны С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген табыстады. https://www.vkgu.kz/kk/newsitem/shkmu-rektory-oku-ornynyn-tungysh-rektoryna-s-amanzholov-atyndagy-medaldy-tabys-etti.html

Ғалымның құрметіне С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ашылған жалпы химия бойынша оқу дәрісханасы Е. Мәмбетқазиевтің атымен аталды. https://www.vkgu.kz/kk/newsitem/leumettik-seriktester-shkmu-men-kaz-minerals-universitettin-tungysh-rektory-e-mmbetkaziev

Облыс әкімі Д. Ахметов Е. Мәмбетқазиевке облыстың құрметті азаматы атағын табыс етті. https://www.vkgu.kz/kk/newsitem/oblys-kimi-e-mmbetkazievke-oblystyn-kurmetti-azamaty-atagyn-berdi.html

Бүгін Е. Мәмбетқазиевті облыстық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк, облыс кәсіпорындарының жетекшілері, бизнесмендер, әріптестері құттықтады.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген Ережеп Әлқайырұлы Мәмбетқазиевті жеке өзі құттықтап, ҚР Ұлттық инженерия академиясының президенті, Парламент Сенатының депутаты Б. Жұмағұловтың атынан құттықтау хатты табыстады. Сонымен қатар, ШҚМУ атынан құттықтау хат пен картинаны тарту етті.

– Ережеп Әлқайырұлын өзі негізін қалаған оқу орны – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ атынан құттықтауға рұқсат етіңіз. Кеше біз KAZ Minerals компаниясымен бірлесе ашылған Е. Мәмбетқазиев атындағы бірегей химия кабинетінің ашылуына куә болдық. Сіз – заманынан оза туған аңыз-адамсыз, – деді ол.

Суреттер https://cloud.mail.ru/public/38rq/223Vu2PeE

Баспасөз қызметі

.

 

.

Қазақ
× You found a Typo