15.07.2019 ШҚМУ әскери кафедрасында студенттер үш мамандық бойынша оқытылатын болады ШҚМУ-да биыл құрылған әскери кафедрада 2019-2020 оқу жылында студенттерді үш мамандық бойынша оқыту жоспарланып отыр: «Аумақтық қорғанысты ұйымдастыру және жоспарлау», «Құрлықтағы әскерде тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру», «Психологиялық жұмысты ұйымдастыру». Әскери кафедра қорғаныс министрі, генерал-майор Н. Ермекбаевтың осы жылдың 11 мамырындағы №328 бұйрығы негізінде құрылған. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық еліміздің жұмылдыру резервін қалыптастыру, сондай-ақ Қарулы күштер офицерлік құрамының лауазымдарын қосымша жарақтау мақсатында алынатын жоғары кәсіби білім негізінде әскери-есептік мамандықтар бойынша іске асырылады. Барлық пәндер бойынша сабақ жүргізу үшін дәрісханалар қарастырылған, ал саптық дайындық бойынша практикалық сабақтар өткізу үшін ғимарат аумағында плац және тактикалық алаң бар. Әскери кафедараға 45 оқу гранты бөлініп отыр. Кафедра №2 оқу ғимаратында орналасқан (Бажов к., 7). Әскери кафедра View the full image View the full image View the full image View the full image