С. Аманжолов атындағы ШҚМУ әкімшілік ғимаратының «Рухани жаңғыру» залында студенттер Ауған соғысы ардагерлерімен кездесті.
Кездесуге ШҚМУ-да қызмет етіп жүрген Ауған соғысы ардагерлері – қауіпсіздік қызметкері Ж.Т. Көмеков, физика және технологиялар кафедрасының шеберхана меңгерушісі Т.Т. Рақышев, дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы А.В. Кожуховский қатысты. Шараны Е.К. Чукатаев жүргізді.
Университет ректоры, профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген ардагерлерді құттықтап, жылы лебізін білдірді, сондай-ақ оларды алғыс хатпен, Ауған соғысы аяқталғанының 30 жылдығына арналған төсбелгілермен марапаттады.
География мамандығының 2 курс студенті Нұрман Қаразым Ауған жауынгерлеріне арнау оқыды. Кейін бір минут үнсіздік жарияланып, қаза болған ерлер еске алынды. Кездесу еркін форматта өткендіктен студенттер сұрақтарына тұщымды жауап ала алды.
Кеш соңында ардагерлер студенттерге ыстық лебіздерін білдіріп, ақыл-кеңестерін айтып, естелікке суретке түсті.
Елназ Әбенғазыева,
журналистика мамандығының 2 курс студенті