21.09.2016 ШҚМУ студенттері ғылым жөніндегі мамандармен кездесті Қыркүйек айының 17 жұлдызында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ №1 оқу ғимаратында «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» «Серпін- 2050» әлеуметтік жобасы аясында білім алушы студенттер ғылым жөніндегі мамандармен кездесу өткізді. Ғылыми жетекші Арайлым Қайратқызы көптеген сұрақтардың жауабын ашып берді. Алда болатын С.Аманжоловтың шәкірт ақысы туралы кеңінен айтып, толық ақпараттар көзін ұсынды. Құжаттар қабылдау уақыты 23 қыркүйек күніне дейін ұзартылғанын құлақдар етіп, студенттерді белсенді болуға шақырды. Ғылыми жетекші Шахизада арнайы видеороликпен әртүрлі қызықты мәлеметтерді баяндап, сөздің майын тамызды. «Жас талап» ғылыми жобасы аясында біршама әңгімелер қозғалды. Сонымен қатар «START UP» бизнес жобасы жайлы айтып өткен болатын. 29 жасқа дейін қатыса алатынын ескертіп, студенттерге бағыт-бағдар берді. Жиналыс қызықты әрі пайдалы ақпарат көздеріне толы болды. Материалтану мамандығының 1 курс студенті Өтенов Бағлан өз бизнес жоспарын ашып, дамыткысы келетінiн алға тартты. Жиналыс барысында көптеген сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды. Академиялық мобильді оқыту жөнінде бірнеше Отандық және шетелдік қалаларға білім алуға болатынын айтып өтті. Жиналысты «Серпін» штабының жетекшісі Ляйля Төлеубайқызы қорытындылап, алдағы күнге сәттілік тіледі. Биылғы жас буындардың алға қойған мақсаттары айқын. Алдағы өтетін ғылыми жобаларды осы сәттен бастаймыз деп белсенділік көрсетті. Жастар ісі жөніндегі комитет View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image