09.12.2019 ШҚМУ студенттері өз түйіндемелерінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін тексере алады Universum-2020 мансаптық зерттеу жұмыстары басталды. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 2018 жылдан бастап Universum Global (Стокгольм, Швеция) компаниясымен бірлесіп жұмыс істейді. Еске сала кетсек, Universum компаниясы – жұмыс беруші брендінің әлемдік көшбасшысы. Компания бүкіл әлем бойынша 200-ден астам университет және жұмыс берушілермен жұмыс істейді. Ынтымақтастық аясында 2018 жылдың қарашасынан бастап 2019 жылдың сәуіріне дейін 329 университет студенттері «Universum Career Test» тестілеуінен өтіп, өзінің мансаптық түрі, оқуды бітіргеннен кейін қандай жалақыға сене алатыны және қандай компаниялар олардың мансаптық үміттеріне ең жақсы жауап беретіні туралы біле алды (толығырақ Universum 2019 есебімен университеттің ресми сайтында «Жұмысқа орналастыру» бөлімінде танысуға болады). Ағымдағы жылдың қараша айынан бастап ШҚМУ студенттері үшін тестілеуден өту үшін сілтеме ашылды https://careertest.universumglobal.com/s/20kzamanzheka. Бұл сілтеме 2020 жылдың 23 наурызына дейін қолжетімді болады (сондай-ақ, тестілеу университеттің ресми сайтында «Жұмысқа орналастыру» бөлімінде, «Мансаптық тест» қосымша бетінде өтуге болады). Сонымен қатар, ШҚМУ студенттері Universum компаниясының серіктестеріне TopResume-ге өз түйіндемелерін жіберіп, оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін тегін тексеруге мүмкіндігі бар. Осы зерттеудің нәтижелері ЖОО-ға студенттердің мансаптық үміттері мен қалауларын түсінуге, студенттердің кәсіби қызметке дайындығын анықтауға, сондай-ақ университет брендінің қабылдануын білуге көмектеседі. Сондықтан әр студент пен түлектің қатысуы университет үшін маңызды! Қосымша сұрақтар бойынша №1 оқу ғимаратындағы 123 кабинетке, Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығына хабарласуға болады. Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы View the full image View the full image View the full image View the full image