15.06.2020 ШҚМУ студенттері ШҚО әкіміне видео құттықтау жолдады С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенттері ШҚО әкімі Д.К. Ахметовқа туған күніне орай, видео құттықтау жолдап, білім гранттары үшін алғыс білдірді. Роликте, университетімізде білім алып жатқан, республикамызға танымал спортшылар жоғары білім алу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді. -Біз, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері, Шығыс Қазақстан жастарына үлкен қолдау көрсетіп жүргеніңіз үшін Сізге шексіз алғысымызды білдіреміз! Даниал Кенжетайұлы, өзіңіздің бастамаңызбен дарынды жастар мен спортшыларға, Шығыстың болашақ педагогтарына жыл сайын 400-ден астам грант бөлінеді. Біз сізден үлгі алып, Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қоссақ дейміз. Сізге, әлі талай жылдар бойы жастардың өмір жолында бағыт-бағдар беріп жүруді тілейміз!, - деді “Алтай” волейбол командасының волейболшысы Диана Ногомбаева мен таэквондодан спорт шебері, Азия чемпионы Мақсат Каби. https://cloud.mail.ru/public/2Wc8/3GsdRVznC Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image