19.09.2019 ШҚМУ студенттері суретші Мағауия Аманжоловтың көрмесін тамашалады С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Психология, педагогика және мәдениет факультетінің студенттері суретші Мағауия Аманжоловты еске алуға және оның 70 жылдығына арналған «Көкжиексіз» көрмесіне барды. Залдарға суретшінің Семейдегі Невзоровтар мұражайында, Өскемендегі өнер мұражайында және мұрагерлерінде сақталған картиналары қойылды. Мағауия Аманжолов Алматыда тұрып, еңбек еткенмен, 1949 жылы 20 тамызда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ ауылында туған. 1975 жылы ҚазПИ-дің көркем-графикалық факультетін бітіреді. 1978 жылдан КСРО суретшілер одағының мүшесі. Өзінің шынайылығымен, халқының тарихын білуімен, жаңа форма іздеуімен ол әйгілі қазақстандық «алпысыншыларға» жақын болды. Халық әуендерін қатты сүйді, ал күнделікті өмірде турашыл әрі қайсар мінезді болыпты. Көрмеге оның «Таң», «Күйзеліс», «Уақыт талабы», «Солжас Сүлейменовтің портреті» сынды туындылары қойылды. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image