24.04.2020
ШҚМУ студенттеріне физика есептерін шешу бойынша ашық онлайн-практикалық сабақ өтті
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің әдістемелік апталығы аясында физика кафедрасының оқытушысы Еркежан Оразбекқызы Әмренова «Қайта өңдеу өңдірісінің технологиясы» мамандығының 1-курс студенттеріне ZOOM платформасы арқылы физика пәнінен «Электр және магнетизм бөліміне қайталау есептерін шығару» тақырыбында практикалық ашық сабақ өткізді.
Презентация арқылы түрлі әдіс-тәсілдер қолданыла отырып өткен сабақты қатысқан әріптестер жоғары бағалады.
Сабақ соңында студенттер Google формада жасалған тест сұрақтары арқылы бағаланды.
Физика кафедрасы