12.11.2019
ШҚМУ тыңдаушылары ақын Қалқаман Саринмен кездесті
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ тыңдаушылары ақын Қалқаман Саринмен кездесу кешіне қатысты.
ШҚМУ-дың шетел азаматтары болып табылатын дайындық бөлімнің тыңдаушылары Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапханада ақын, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Жазушылар одағының мүшесі Қалқаман Саринмен кездесті.
Жыр кеші залмен әңгіме-сұхбат және сұрақ-жауап түрінде еркін өтті. Тыңдаушылар жағымды әсер алып, осындай өнер адамдарымен кездесулер жиі өткізілсе деген тілектерін білдірді.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы