21.02.2020 ШҚМУ Ұлы Жеңіске арналған еске алу эстафетасын бастады С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген ЖОО ардагерлерімен, тыл еңбеккерлерімен кездесті. Іс-шара алдында жиналғандар соғыс ардагері Юмаш Уәлиевтің ескерткіш тақтасына гүл шоқтарын қойды. – Биыл еліміз Ұлы Жеңістің 75 жылдыған атап өтеді. Осыған орай біз бірқатар мерейтойлық іс-шараларды қолға алып отырмыз. Бүгінгі кездесу – соның басы. Оқу орнымыздың тұңғыш ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, химия профессоры, ШҚМУ-дың Құрметті ректоры және Құрметті профессоры Юмаш Кәрімұлы институтты 25 жыл басқарды. Ол майдандағы, еңбектегі ерліктері үшін «Құрмет белгісі», «Қазан төңкерісі» ордендерімен, көптеген соғыс медальдарымен марапатталған. Ұлағатты ұстаз есімі жүрегімізде мәңгі сақталады, – деді ректор. Жиында ШҚО Ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқазы Шерубаев, Өскемен қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағынбек Ақанов сөз сөйледі. Мұнан соң ШҚМУ-да еңбек еткен 29 соғыс ардагері туралы бейнеролик көрсетілді. Олар – Ю. Уәлиев, Ф. Гришко, Я. Цыкунов, В. Попов, Б. Плотников, Ф. Голованов, А. Осьмаков, А. Пашилов, Т. Культенко, С. Герасимов, Л. Пакина және басқалар. ШҚМУ Археология және Алтай мәдени мұрасы музейінің меңгерушісі Ж. Қалимолдина ардагерлер туралы мәліметтерді одан әрі толықтырды. – Университетіміз еңбек және тыл ардагерлеріне жіті көңіл бөліп, әлеуметтік, волонтерлық көмек көрсетіп келеді. ШҚМУ-да былтыр Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра ашылды, жас ұрпақ ата-бабаларымыздың ісін лайықты жалғастыруы тиіс, – деп атап өтті Мұхтар Әділбекұлы. Ректор ауған соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне Алғыс хаттар мен сертификаттар табыс етті. Кездесу ардагерлердің естеліктерімен жалғасты. Теңгебике Байделдинова мен Ленста Әубәкірова соғыс кезіндегі балалық шақтарын әңгімеледі, Иван Полторанин ШҚМУ-дың бас ғимараты 30-шы Гвардиялық дивизия көшесінде орналасқан, аталған дивизия шығысқазақстандық жауынгерлерден құрылғанын еске салды. Олар 20 қаланы жаудан азат еткен болатын. Кеш соңында музыка оқытушысы Ю.Д. Ананьевтің сүйемелдеуімен университет ардагерлерінің ән тобы өнер көрсетті, ардагерлер мен әскери кафедра студенттері естелік суретке түсті. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image