30.10.2019 ШҚМУ жас журналистері - байқаудың бас жүлдегерлері ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен облыстық драма театрда «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығына орай «Ұлттық басылым – ұлттық тіл» атты студенттер арасында облыстық байқау өтті. Байқау мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстан» газетінің тарихымен таныстыру. Байқау: «таныстыру», «тағылымды тарих», «Егемен Қазақстан болашақта», «Ұлттық басылым – ұлттық тіл» атты 4 кезеңді қамтыды. Тартысты өткен байқауға әділқазыларды ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бекіткен. Сайыс қорытындысы бойынша, барша қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды. Жүлделі 3-орынды Семей медицина университетінің «Достар» командасы иеленсе, 2-орынды М.Әуезов атындағы педогикалық колледждің «Руханият» командасы қанжығасына байлады. Тартыс барысында өздерінің ұйымшылдықтарымен көзге түскен Қазақстан Америкалық Еркін университетінің «Ұшқын» командасы 1-орын алса, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Алтай ақпарат» командасы бас жүлдеге ие болды. -Ел газеті – Егемен бір елдің жүгін бір ғасыр бойы арқалап келеді. 100 жыл артта қалды. Жылдар алда. Келешектің керуенінде бізде «Егемен Қазақстанмен» бірге боламыз. Егемендік тапқыр тілшілердің сапынан табыламыз. Себебі, біз жаңа көзқарастағы жас журналистерміз - дейді бас жүлдені иеленген «Алтай ақпарат» тобы. Ендеше, жасай бер, ел газеті! ШҚМУ намысын қорғаған «Алтай ақпарат» командасын құттықтаймыз! Гүлсезім Шайхынова, журналистика мамандығының 4 курс студенті View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image