13.12.2019 ШҚМУ Жоғары колледжінде «Біз СПИД-ке қарсымыз» акциясы өтті «Біз СПИД-ке қарсымыз» акциясы аясында СПИД-тің алдын алу және онымен күрес орталығының мамандары С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінің 1 курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуде студенттерге ауру туралы, оның жұғу жолдары, алдын алу шаралары туралы айтылды. Сондай-ақ, оларға ақпараттық парақшалар таратылды. Мұнымен қоса, №5 Студенттер үйінде тұратын Жоғары колледж студенттеріне СПИД туралы дәріс оқылды. Дәрісті колледж психологы К. Еренбақов жүргізді. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжі View the full image View the full image