24.12.2019 ШҚО-да «ANTIKOR ORTALYGY» қызмет көрсету орталығы ашылды «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының доценті Гүлмира Байыркенова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Шпекбаевтың қолынан Алғыс хат алды. «ANTIKOR ORTALYGY» қызмет көрсету орталығының ашылу салтанатына жоба бастамашысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, облыс әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев қатысты. Шара барысында сервистік орталықтың ғимараты, бірінші қабатта орналасқан заңгерлік және «Шығыс – адалдық алаңы» жобасы аясында кеңестер алуға арналған арнайы бөлмелер, баспасөз орталығы көрсетілді. Сондай-ақ, басшылыққа қабылдауға да жазылуға болады. «ANTIKOR ORTALYGY» азаматтардың әр сұрағына жайлы жерде жедел әрі тиянақты жауап алатын орталыққа айналмақ. Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды белсенді насихаттаушы бір топ азаматты марапаттады. Олардың қатарында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының доценті, «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлмира Байыркенова бар. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image