С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Шяуляй университеті (Шяуляй қ., Литва) бірлескен ғылыми-зерттеу, оқу-тәрбие, қоғамдық-мәдени қызметті дамыту мақсатында ынтымақтастық шартына қол қойды.
Оқу орындары мына бағыттар бойынша ынтымақтасуды жоспарлауда: ғылыми семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды, симпозиумдарды, бірлескен білім беру бағдарламаларын өткізу, ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, зерттеушілік, білім беру міндеттерін шешу үшін шығармашылық авторлық ұжымдарды құру.
Сондай-ақ, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелерімен, озық технологияларды, оқыту әдістемелерін іске асырудағы тәжірибемен, жарияланымдармен, оқу материалдарымен, оқытушылармен, ғалымдармен, студенттермен алмасу көзделуде.
Университеттер ғылыми мамандарды дайындауда бір-біріне көмек көрсетпек.
Шарт 5 жылға жасалды.
Баспасөз қызметі