09.07.2019 Іс-тәжірибе өткізу үшін ШҚМУ өңірдегі кәсіпорындармен және мекемелермен 435 шарт жасасқан Жұмыс берушілермен тиімді өзара іс-әрекетті орнату үшін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да білім беру бағдарламаларын бірлесе жоспарлау іске асырылуда. Сондай-ақ, оқу жоспарлары түзетіліп тұрады, олардың ішкі мазмұны өзектілендіріліп, өңірлік қажеттіліктер ескеріледі. Мұнымен қоса, білім беру үрдісінің тәжірибеге бағыттылығын күшейту үшін кәсіби іс-тәжірибе серіктес кәсіпорындар базасында өткізіледі, дуальді оқыту да ұйымдастырылған. Кәсіби іс-тәжірибе өткізу үшін ЖОО облыстағы және қаладағы кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен 435 шарт жасасқан. Тәжірибеге бағытталған оқытуды күшейту мақсатында 17 білім беру бағдарламасында дуальді оқыту элементтері енгізілген. ЖОО кафедраларында өңір мекемелерінің 22 филиалы жұмыс істейді. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image