12.06.2020
Университет ұжымы мен студенттері digitalkz.kz порталында цифрлық білімдерін жетілдіруде
Digitalkz.kz порталы – «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ШҚО әкімінің бірінші орынбасарының «Аймақты цифрландыру. Өскемен қаласында Smart City бастамасын іске асыру» сұрағы төңірегінде қабылданған хаттамалық нұсқауы негізінде құрылған ақпараттық-коммуникациялық ресурс.
Оқу орынының ұжымы мен студенттері digitalkz.kz порталына тіркелу арқылы, арнайы дайындалған интернет-ресурстардың көмегімен қажетті қызметтерді кеңселерге бармай-ақ, электронды түрде қалай тиімді іске асыруға болатынығын оқып үйренуде.
Тәрбие және әлеуметтік сұрақтар бөлімі