10.07.2019 Жаңа оқу жылында ШҚМУ-да бірқатар нысандар ашылады 2019-2020 оқу жылында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да бірқатар жаңа кабинеттер, зертханалар, орталықтар ашылады. Оқу орнында «Erasmus+» бағдарламасы аясында STEM-зертхана құрылмақ. Сондай-ақ, оқу жылында электронды ресурстар әзірлеу бойынша зертхана, академик Ережеп Мәмбетқазиев атындағы химиялық талдау кабинеті ашылады, №1 оқу ғимаратында «Казминералс» компаниясының демеушілігімен химия кабинеттері жасалуда. Бірқатар мамандықтарды заманауи құралдармен қамту көзделіп отыр. Айталық, физика, компьютерлік мехатроника, қайта өңдеу технологиясы бойынша оқу-зертханалық базалар жаңартуды қажет етеді. Мұнымен қоса, студенттер мен қызметкерлер үшін «STUDENT» фитнес-орталығы ашылмақ. Баспасөз қызметі View the full image