11.07.2019 Жаңа оқу жылында ШҚМУ шетелдік ЖОО-лармен бірлескен білім беру бағдарламаларын көбейтпек Жаңа 2019-2020 оқу жылында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да алыс шетел жоғары оқу орындарымен жаңа бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру жоспарлануда. Жаңа бірлескен білім беру бағдарламалары қатарында – 7M04101 – Экономика (Алтай мемлекеттік университеті, Ресей), 7М05201 – География (АлтМУ), 6В01703 – Шет тілі: екі шет тілі (Лингвистикалық-техникалық университет, Польша); 6М010602 – Информатика (Шауляй университеті, Литва); 7М05301 – Физика (АлтМУ) және басқалар. Естеріңізге салар болсақ, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да қосдипломды білім беру аясында АлтМУ-мен және Томск мемлекеттік университетімен 4 бірлескен білім беру бағдарламасы іске асырылуда, олар – «Экологиядағы және табиғат пайдаланудағы математикалық әдістер мен ақпараттық технологиялар», «Заманауи ғылыми танымдағы тарихи зерттеулер», «Әлеуметтік және экономикалық үрдістерді басқарудағы ақпараттық технологиялар» және «Көші-қон зерттеулері». Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image