25.12.2019 Жаңа жыл мерекесі қарсаңында студенттермен қылмыстың алдын алу және қауіпсіздік бойынша әңгіме жүргізілді Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының жобасы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттерімен жастар арасындағы қылмыстың алдын алу, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық семинар сағаты өтті. Семинарда «Татуласу орталығының» жетекшісі Е. Абдразманова студенттерге қылмыстық құқықбұзушылыққа алып келген немесе заңсыз жағдайға тап болған жағдайда жастардың оң әрекет жасауы туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, жастардың медиация орталықтарының консультанттары мен облыс психологтарына кеңес алуы үшін тегін жүгінуге мүмкіндігі бар екенін айтты. Лектор студенттерге мереке кезіндегі қауіпсіздік туралы түсіндіріп, туыстары мен жақындарына жаңажылдық демалыста болатын мекенжайын міндетті түрде хабарлау қажеттігін айтты. Студенттер кері байланысқа түсіп, тиімді ақпараттар алды. Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі View the full image View the full image