04.10.2016 Жеңімпаз анықталды! 3 қазан күні іріктеу сынынан өткен 8 үміткер байқаудың екінші кезеңіне шақырылып, ШҚМУ әкімшілік ғимаратының қабырғасында, «Назарбаевтану» кабинетінде өздерінің ғылыми жетістіктерін қара қылды қақ жарған әділқазылар назарына ұсынды. Естеріңізге сала кетейік, С.Аманжолов атындағы шәкіртақы студенттердің ғылыми қызметін ынталандыру, сондай-ақ, тілтанушы-түрколог, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі С.Аманжоловтың есімін мәңгілік ету мақсатында тағайындалады. Ай сайын бір оқу семестрі бойы 15 000 теңге көлемінде берілетін шәкіртақы байқауына 2-4 курстың кез келген студенті қатыса алады. Қыркүйек-қаңтар айларына арналған шәкіртақы байқауының жеңімпазын анықтау байқау комиссиясына оңай тиген жоқ, үміткерлер арасындағы бәсеке қызу өтті. Байқауды барынша әділ өткізу мақсатында тәуелсіз сарапшылар да шақырылған еді, олардың қатарында «Казгипроцветмет» ЖШС әлеуметтік мәселелер жөніндегі директоры Гречухин А.В., ШҚО кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Бартожис В.П. болды. Ұзақ талқылаудан кейін, жеңімпаз есімі де жарияланды. 2016-2017 оқу жылының бірінші семестріне арналған С.Аманжолов атындағы шәкіртақының иегері атануға «Биология» мамандығының 3 курс студенті Тустубаева Шынар лайық деп табылды. Жеңісімен құттықтай отырып, жаңа ғылыми табыстар тілейміз! Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы View the full image View the full image View the full image