17.05.2019
Жоғары колледж оқушысы «WorldSkills Shygys-2019» чемпионатында 2 дәрежелі дипломға ие болды
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінің жас кәсіпқойлары «WorldSkills Shygys-2019» IV өңірлік чемпионатына қатысты.
Колледж оқушысы Милена Котельникова 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Чемпионатқа оқу орнының ең үздік студенттері қатысқан. Тапсырмалардың қиың, қарсыластардың мықты, ал сарапшылар мен жанкүйлерлер тарапынан бақылаудың күшті болуына қарамастан олар өз білімдерін дәлелдеп, алдан көріне білді.
Жоғары колледж директоры С. Өтепов жас өренді жеңісімен құттықтап, оған табыс тіледі.
Баспасөз қызметі