24.05.2023 ЖОО ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ Amanzholov University-де экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Серік Өмірбаевтың оқыту семинары өтті. Ол – 175-тен астам жарияланған ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың, оның ішінде сегіз оқулықтың, екі монографияның, 13 оқу және ғылыми-практикалық құралдардың авторы. Бүгінде елдегі инновациялық үздіксіз IT-білім берудің көшбасшысы саналатын IT University-дің ректорының міндетін атқарушы лауазымында. Серік Мәуленұлының семинарының басты тақырыбы – «Жоғары білім беру жүйесіндегі микробіліктілік; тұжырымдама, әдістеме және принциптер». С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің профессор-оқытушылар құрамы микробіліктілік жаңалықтары мен болон негізгі міндеттемелері, микробіліктіліктің жоғары және бейресми білім берудегі жаңалықтары турасында мәлімет алды. Оған қоса, Серік Өмірбаев өз дәрістерінде оқытушыларға ҚР-ның жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы айтып берді. View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image