Нострификация
Білім туралы құжаттарды тану және олардың баламасын растау (білім құжаттарын нострификациялау) үшін шетел студенттері өздері немесе деканаттың көмегімен халықаралық ынтымақтастық бөлімі Білім және ғылым министрлігінің (Астана) Республикалық мемлекеттік кәсіпорын құқығындағы «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығына» бірқатар құжаттар дайындайды. Білім туралы құжаттарды тану және растау үшін құжат қабылдау және беру жұмысы Білім және ғылым министрлігінің (Астана) Болон процесінің және академиялық ұтқырлық орталығы (ары қарай -Орталық) арқылы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» (бұдан әрі ХҚКО) арқылы - баламалы негізде жүзеге асады.
- Шетелдік студенттер нострификациялау рәсімін Университетке келгенде бірінші семестрде өту қажет. (Жоғары оқу орындарына түсу үшін нұсқаулық ҚР БҒМ (жыл сайын жарияланады) нострификациялау үшін барлық қажетті құжаттарды шетелдік студенттер оқуға түскен жылдың 01 желтоқсанына дейін ХЫБ тапсырулары қажет.