|
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ
Өскемен қаласы, 30-гв. дивизия көшесі, 34, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, бас ғимарат, № 236 ауд.
Телефон (7232) 54-03-87
Кафедра меңгерушісі
Ақанов Маратбек Камзаұлы тарих ғылымдарының кандидаты.
Ақанов Маратбек Қамзаұлы
- 1951 жылы 3 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Баяш (бұрынғы Точка) ауылында дүниеге келді.
- Тарих ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің доценты. Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі.
- 1976 жылы Өскемен педагогикалық институтының (қазіргі ШҚМУ) тарих – педагогика факультетін бітіріп, «Тарих, қоғамтану мұғалімі және тәрбие жұмысының әдіскері» мамандығын алып шықты.
- 1978 жылдан бері Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушылық қызметін атқарады. 1983 – 1986 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының (Алматы қаласы) жанындағы аспирантурада оқыды. 1988 жылы кандидаттық диссертация қорғады. Университетте жұмыс істеген жылдары тарих факультеті деканының орынбасары болып, партия тарихы, Қазақстан тарихы пәндері бойынша студенттерге дәріс берді. Халықаралық қатынас шеңберінде Монголияның Баян - Өлгей аймағына үш рет барып, ондағы ШҚМУ ашқан филиалдың студенттеріне сабақ беріп қайтты.
- Ақанов Маратбек Қамзаұлы нәтижелі еңбегі үшін Өскемен қалалық, Баян - Өлгей аймақтық әкімшіліктері және Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры тарапынан бірнеше рет грамоталар мен алғыс хаттар алған.
Кафедра тарихы
КСРО Министрлер Кеңесінің Өскемен педагогикалық институтының ашылуы туралы 1952 жылғы 5маусымдағы өкімі
1956 жылы Өскемен пединститутының құрамында тарих – филология факультеті ашылды.
1961 жылы 1 қаңтарда ӨПИ – де «Тарих кафедрасы» құрылды. Кафедраның алғашқы мүшелері: Лидия Гавриловна Кузнецова, Василий Игнатьевич Петров, Николай Владимирович Алексеенко, Инна Дмитриевна Горлова, Геннадий Павлович Жидков, Таисия Павловна Яковлева, барлығы 6 оқытушы.
1968 жылы ӨПИ – де тарих факультеті құрылды.
1972 жылы «Тарих кафедрасын» қайта құру негізінде «КСРО тарихы кафедрасы» (кафедра меңгеушісі – Н.В. Алесеенко) және «Жалпы тарих кафедрасы» (кафедра меңгерушісі - Г.П. Жидков) секілді екі дербес кафедра ашылды. 2003 жылы қазан айында «жалпы тарих» кафедрасы «жалпы тарих және халықаралық қатынастар» кафедрасы болып өзгертілді.
1986 жылы қыркүйекте Күршім ауданының тумасы, ӨПИ-дің тарих – филология факультетінің түлегі, тарих ғылымдарының кандидаты Советхан Қабдуалиұлы Игібаев КСРО тарихы кафедрасының меңгерушісі болып бекітілді. (Ол уақытта Н.В. Алексеенко Целиноград педагогикалық институтына ректор болып тағайындалды).
1991 жылы құрылған Қазақстан тарихы кафедрасының алғашқы меңгерушісі – т.ғ.д., профессор Игібаев С.Қ.
2004 жылы қаңтарда докторлық диссертация қорғаған Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы 2004 жылы 3 наурызда Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушілігіне тағайындалды.
2005 жылы 26 қаңтарда Қазақстан тарихы кафедрасын уақытша меңгеру т.ғ.д., профессор С.Қ. Игібаевқа жүктелді.
2005 жылдың 23 қыркүйектегі №2 292-п бұйрыққа және университеттің оқу бөлімдерін қайта құруға байланысты жалпы тарих кафедрасы мен халықаралық қатынастар кафедрасы Қазақстан тарихы кафедрасымен бірікті, екі кафедраның негізінде Қазақстан және шет елдер тарихы мен халықаралық қатынастар кафедралары ашылды.
2008 жылдың тамыз айында Қазақстан тарихы кафедрасы қайтадан қалпына келтірілді, оған т.ғ.к., доцент Ақанов Маратбек Камзаұлы жетекшілік етіп келеді.
Мамандық:
бакалавриат – 050114 «Тарих»
магистратура - 6N0203 «Тарих»
Қазақстан тарихы кафедрасы қызметінің негізгі бағыттары
Кафедраның оқу қызметі:
Кафедра 050114 – «Тарих» мамандығы бойынша және осы мамандық бойынша (6К 0203, 520350 – Тарих, Қазақстан тарихына мамандану) магистратура студенттеріне дәріс беру жұмысын атқарады.
Кафедраның ғылыми зерттеу жұмысы:
Кафедра ғылыми - зерттеу жұмысын негізінен төмендегідей екі бағытта жүргізеді:
1. Қазақстан тарихы тарихнамасы мен дереккөздерінің өзекті мәселелері
2. Қазақстан тарихының өзекті мәселелері
Кафедра қасында кандидаттық диссертацияны қорғау бойынша Ғылыми Кеңес және аспирантура жұмыс істеген.
Қазақстан тарихы кафедрасындағы қызметкерлердің тізімі.
|
№
|
Оқытушылар аты - жөні
|
Қызметі
|
|
1
|
Игібаев Советхан Қабдуалиұлы
|
т.ғ.д., профессор
|
|
2
|
Ақанов Маратбек Қамзаұлы
|
т.ғ.к., аға оқытушы, кафедра меңгерушісі
|
|
3
|
Әубәкірова Алтынай Қабдылқасымқызы
|
оқытушы
|
|
4
|
Ахметова Гүлжан Мырзамұхамбетқызы
|
т.ғ.к., доцент
|
|
5
|
Винокурова Елена Ивановна
|
аға оқытушы
|
|
6
|
Жанбосынова Альбина Советқызы
|
т.ғ.к., доцент
|
|
7
|
Жириндинова Құралай Рымқанқызы
|
аға оқытушы
|
|
8
|
Жүнісова Эльзира Әуесханқызы
|
оқытушы
|
|
9
|
Иқсанов Мәулетхан Зарипұлы
|
аға оқытушы
|
|
10
|
Қазбекова Айнұр Тәтімбекқызы
|
аға оқытушы
|
|
11
|
Құрманов Фархат Сақанұлы
|
т.ғ.к, доцент
|
|
12
|
Ляпунова Надежда Николаевна
|
аға оқытушы
|
|
13
|
Омарқанова Әсел Омарқанқызы
|
оқытушы
|
|
14
|
Турова Лидия Петровна
|
аға оқытушы
|
|
15
|
Өскембай Әлия Ақымқызы
|
т.ғ.к., аға оқытушы
|
|
16
|
Кіжікова Арайлым Құрманбекқызы
|
лаборант
|
Материалдық–техникалық база:В.И. Петров атындағы кабинет(327А)
|