Бас бетқе
Көпсалалы колледж
Қазақша | Русский | English
Логин

Пароль

С.ТОЙБАҒАРОВ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖ



Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30 - шы Гвардиялық Дивизия көшесі, 36 (№3 ғимарат)
Тел.: 8 (7232) 54-07-69
E-mail: [email protected]

Директоры - Құрманов Фархад Сақанұлы

тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарих кафедрасының доценті




1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих мамандығын, 1996 жылы осы мамандық бойынша магистерлік мектепті, 2001 жылы 07.01.02 «Отан тарихы» (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша аспирантураны бітірген. 2002 жылы «Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары» деген тақырыпта тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғап шықты. Жетекшісі - тарих ғылымдарының докторы, профессор С.К.Игібаев. Құрманов Ф. демография мәселелері туралы 17-ден астам ғылыми мақалалар мен еңбектер жазып шығарды. 1994 жылдан бастап Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, көпсалалы колледждің экономика және құқық бөлімінің меңгерушісі ретінде қызмет атқарған. 2002 жылдан бастап колледж директоры. 2006-2007 жылдары С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректорының міндетін атқарушы болып қызмет атқарды. 2003-2004 оқу жылында колледж орта кәсіптік оқу орындарындағы жаңа оқулықтар мен әдістемелік құралдарды апробациялау бойынша республикалық эксперименттік-тәжірибе жұмыстарына қатысты. 2006 жылдан бастап оның жетекшілігімен университеттің көпсалалы колледжінде орта кәсіби білімді мамандарды даярлау үшін кредиттік оқыту технологиясын енгізуге байланысты эксперимент жүргізілді.

Колледж тарихы

Колледж білім беру қызметін жүргізу құқығына «Лицензия беру туралы» 24.05.2000 ҚР БҒМ №24 бұйрығына, ШҚМУ Жарғысына сәйкес және университет ректорының 29.12.1998ж. №317-к бұйрығы бойынша құрылған орта арнаулы білімді мамандар даярлауға құқық беретін БМ № 0000482 мемлекеттік лицензиясы ҚР БҒМ 24.04.2000 ж. берілген. 2001 жылы БМ № 0000129 (ҚР ББМ 11.07.01 ж. бұйрығы) мемлекеттік лицензиясы берілді. ҚР БҒМ №519 05.04.2004 ж. бұйрығымен сериясы АА № 0000213 жаңа лицензиясы берілді. Лицензия мерзімі - шектеусіз. 1999 жылы университет ректорының бұйрығымен педагогика ғылымдарының кандидаты Серік Зайтанұлы Тайбағаров колледж директоры болып, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрғожина Альмира Бекқазиевна тағайындалды. Бөлім меңгерушілері болып педагогика ғылымдарының кандидаттары Игібаева А.Қ мен Перминов А.В тағайындалды. Колледж әдіскерлері: Жаирбаева Ә.Т., Манапова Т.А., Белинская А.Ю., Насымканова Г.К кадрлар бойынша маман -Баянжанова Б.С. 2000 жылы колледж Үздіксіз кәсіби білім беру институты болып қайта құрылды. Үздіксіз білім берудің мақсаты -кәсіби білім беруде «мектеп-колледж-ЖОО» көпсатылылықты қамтамасыз ету. УКББИ директоры-профессор Завалко Н.А., ғылым кандидаты Дюсембаева Г.С., Перминов А.В., оқу-өндірістік іс тәжірибе жетекшісі Калиева Д.К., Тәрбие жұмысы бойынша Жақсылықова Г.И жұмыс істеді. 2002 жылдың қараша айында ректор бұйрығымен университет бойынша институттың орнына колледж құрылып, оны осы уақытқа дейін тарих ғылымдарының кандидаты Құрманов Ф.С басқарады. 2005 жылдың 26 қазанында ҚР БҒМ Мемлекеттік аттестациялау комиссиясымен аттестациядан өтті. 2007 жылы 28 сәуірде колледжге бірінші директор С.З.Тойбағаровтың есімі берілді. ҚР ББМ 15.03.2003 ж. бұйрығымен 2003-2004 оқу жылында колледж орта кәсіптік оқу орындарындағы арнайы пәндер бойынша оқулықтар мен әдістемелік құралдарды апробациялау бойынша жұмыстарға қатысты. ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес 2006 жылдың 24 қазанынан колледжде орта кәсіби білімді мамандарды даярлау үшін кредиттік оқыту технологиясын енгізуге байланысты эксперимент жүргізілуде. Колледж ҚР техникалық және кәсіптік білім саласының нормативтік және заңнамалық актілеріне, университет Жарғысы мен «Колледж туралы Ережеге» сәйкес өз қызметін жүзеге асыруда.

Колледж
даярланатын мамандықтар тізімі:
0105000 - «Бастауыш білім беру»
0306002 - «Қазақ тілі және әдебиеті»
0103000 - «Дене тәрбиесі  және спорт»
0705002 - «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит»
0518000 - «Есеп және аудит»
0201000 - «Құқықтану»
0516000 - «Қаржы»
0511500 - «Менеджмент»
0716002 - «Банк ісі»

Колледж бөлімдер
тізімі:
- Экономика және құқық бөлімі
- Педагогика бөлімі
- Сырттай оқу бөлімі

Оқу үрдісін қамтамасыз етуде 9 пәндік-циклдік комиссия жұмыс атқарады:
1. «Әлеуметтік-гуманитарлық» - төрайымы Зейноллаева Гүлназат Әбеновна;
2. «Қазақ тілі және әдебиеті» - төрайымы Асылбаева Серекбике Серикқановна;
3. «Орыс және шет тілі» - төрайымы Сқақова Дина Абдолдиновна;
4. «Педагогика-психология» - төрайымы Оразғалиева Жанна Әскерхановна;
5. «Экономика» - төрайымы Шарыпова Бақыт Давлетчановна;
6. «Құқық» - төрайымы Утеушова Людмила Мубараковна;
7. «Дене тәрбиесі» - төрағасы Құдайбергенов Ақраш Габдуллинович;
8. «Математика және жаратылыстану» - төрайымы Етекбаева Бибіхан Уатхановна;
9. «Информатика» - төрайымы Жетпісова Манат Жұмахановна.

Колледждің оқу-әдістемелік қызметінің негізгі бағыттары:
1. Кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау. 2005-2009 жылдары колледждің 4 оқытушысы кандидаттық диссертация қорғады.
2. Ғылыми өнімді шығару: монография, мақала, тезистер. Соңғы 10 жыл көлемінде колледж оқытушылары 200 - ден астам мақала және оқу-әдістемелік құрал жазып шығарды, солардың ішінде маңызды орын алатын жұмыстар:
- Курманов Ф.С., Губайдулина Г.Н., Баянгазина Р.Д. Организация образовательного процесса в колледже на основе кредитной технологии обучения. - Усть-Каменогорск, 2008.
- Хусаинова М.Ж., Кукенова Г.А. Қазақша сөлесейік: Оқу - әдістемелік құрал.- Өскемен, 2007.
- Уанбаева Ф.Ж. Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі.- Өскемен, 2006.
- Елюбаева Ж.Е. Особенности формирования учебной активности студентов - Усть-Каменогорск, 2004.
- Баянгазина Р.Д. Внедрение регионального компонента в содержание литературного образования в школах с государственным языком обучения. - Усть-Каменогорск, 2003.
3. Мемлекеттік бюджеттік ізденістерге қатысу: соңғы 10 жыл көлемінде колледж директоры бірнеше жобаға қатысты, соның ішінде:
- «Демографический паспорт ВКО» - жетекшісі, профессор Алексеенко А.Н
- «Репродуктивные установки женщин ВКО» - жетекшісі, профессор Алексеенко А.Н  

Колледж оқушыларының ғылыми-ізденіс жұмыстары төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1. Оқушылардың ғылыми конференциясын ұйымдастыру. Жыл сайын колледж оқушылары ғылыми конференцияларға қатысып отырады. Жыл сайын қатысушылардың саны арта түсуде. 2008 жылы конференцияға 97 оқушы қатысты. 2008 жылы конференция қорытындысы бойынша оқушылардың ғылыми мақалалары жинақ ретінде жарияланды.
2.  Жұмыстардың жариялануы - оқушылардың үздік жұмыстары ШҚМУ жинағында жарияланып, басқа жинақтарға да жіберіледі.
3.  Колледжде төмендегідей үйірмелер мен спорт секциялары жұмыс істейді:
- «Жас экономист» үйірмесі
- «Туған өлке» үйірмесі
- вокал мен фортепиано
- би
- волейбол
- стол теннисі
4. Әр түрлі жарыстар мен олимпиадалар ұйымдастыру, соның ішінде «Үздік жыл оқушысы», «Үздік практикант», «Жылдың үздік экономисі» және т.б.
5. Республикалық СҒІЖ қатысуы. Колледж оқушылары қалалық және республикалық жарыстарға белсенді қатысады. 2008 жылы «Құқықтану» мамандығының 2 курс оқушысы Күдербаев Ринат Қазақстан тарихы пәнінен қалалық олимпиядадан 1 орынды алды».
6. КТ клубының жұмысы. Бұл клубқа «Қаржы», «Менеджмент», «Банк ісі» мамандығының оқушылары белсенді түрде қатысады.

Колледждегі қызметкерлер тізімі:

- Колледж директоры - Құрманов Фархад Сақанұлы
- Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - Кучербаева Фарида Мергалиевна
- Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Икамбаева Қарлығаш Рақымғазиевна
- ОӘК меңгерушісі - Баянғазина Роза Дүйсембековна
- Іс-тәжірибе жетекшісі - Қалиева Диляра Қалимбековна
- Педагогика бөлімі меңгерушісі - Манапова Тәттігүл Ағзамовна
- Экономика және құқық бөлімі меңгерушісі - Оспанғалиев Қажымұқан Алимханұлы
- Әдіскер - Баянжанова Беганым Слямовна
- Әдіскер - Жаирбаева Әлия Төлеухановна
- Әдіскер - Даумова Бакыт Әдембековна
- Әдіскер - Ақтасова Райхан Оралбековна
- Хатшысы - Салтыбаева Айжан Амангельдиновна

Колледждің
материалдық-техникалық базасы:
2001 жыдан бастап С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті колледжі жеке оқу ғимаратында орналасқан. Жалпы ауданы 3187,80 м2, оқу ғимаратының құрылысына өзгерістер енгізіліп, толық жөндеуден өткізілген. Оқу ғимаратында толығымен стендтермен жабдықталған 29 пәндік кабинеттер, аумағы 70 м 2 акт залы 46 оқыту машинасы бар 3 компьютерлік сынып бар. Барлық компьютерлер университеттің ішкі интернет жүйесіне қосылған. Өзінің жеке логин мен паролі бар кез келген оқытушы мен оқушы университеттің электронды ресурстары бар сайтына және оқытушылардың жеке парағына кіруге мүмкіндік алады. Бұл жерде тек қана информатика пәні бойынша ғана емес, АКТ қолданған барлық пәндер енгізілген. Барлық аудиториялар қажетті құрал-жабдықтармен, қажетті жиһазбен жабдықталған. 2003 жылы оқу сапасын жақсарту мақсатында тілдерді оқытуға байланысты лингафон кабинеті және оқу жоспарына сәйкес жеке оқу пәндері бойынша оқу кабинеттері қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. Ғимаратта медициналық кабинет, оқу залы және асхана орналасқан. Колледж С.Аманжолоа атындағы ШҚМУ құрылымдық бөлімшесі ретінде оқу үрдісін қамтамасыз ету мақсатында Университеттің кітапхана қоры мен материалдық-техникалық базасын толығымен пайдаланады.Бұл спорттық және гимнастикалық залы (ШҚМУ бас және №7 оқу ғимараттары), жүзу зертханасы («Чайка» бассейні), криминалистика кабинеті (№5 оқу ғимараты), ШҚМУ шаңғы базасы, оқу өндірістік «Сібе» базасы.
Біздің адрес: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34
Почта индексіміз: 070020
Счётчик ТИЦ
Valid XHTML 1.0 Transitional