Философия және әлеуметтік-саяси теориялар кафедрасыМекен-жайы: 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34/1, аудитория 133,135.
Телефон - 540-163
Кафедра меңгерушісі: Сейтембетов Ермек Жакенұлы
Философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
Кафедра тарихы
Қаз. КСР-ның Ағарту министрлігінің 1952 жылғы 26 шілде айынын № 77 бұйрығы негізінде Өскемен қаласында жаңа оқу ордасы (педагогикалық институт) ашылды. Марксизм-ленинизм негіздері кафедрасы бұл институттың аса маңызды құрамдас бөлімі болды, оны Герасимов С.Н. басқарды.
1966 жылдан бастап кафедра философия және ғылыми коммунизм кафедрасы деп атала бастады. 1976 жылы кафедра құрамында 6 философия ғылымдарының кандидаты, 4 аға оқытушы, 2 оқытушы және 2 лаборант қызмет атқарды. 1978 жылы аталған кафедра негізінде екі жеке кафедра құрылды: ғылыми коммунизм кафедрасы және философия кафедрасы. 1999 жылы кафедраны философия ғылымдарының кандидаты Рябцовский Г.Г. басқарды, 2000-2001 жылдары кафедра меңгерушісі - ф.ғ.к., профессор Волгина А.С., ф.ғ.к., профессор Қажым Ж.Қ. болды. 2002 жылдан бастап кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., кейін ф.ғ.д., доцент Ахметжанова К.Б. болды. 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедраны философия ғылымдарының кандидаты Сейтембетов Ермек Жәкенұлы басқарап келеді.
1996 жылы кафедра ұжымы философия ғылымдарының докторы, профессор Н.В. Гусеваның ұсынысымен «Философия» мамандығы бойынша мамандарды дайындауға мүмкіндік алды. 2000 жылы алғашқы түлектері бұл мамандықты бітіріп шықты. Қазіргі таңда олар өз мамандығы бойынша әр салада қызмет атқарып жұр. Кейбір үздік студенттер өз оқуларын одан әрі магистратурада жалғастырып, жоғары оқу орындарында жұмыс істеп жұр.
Қазіргі таңда кафедраның құрамында 24 оқытушы, соның ішінде 10 ғылым кандидаты, 3 аға оқытушы, 11 оқытушы қызмет атқарады.
2000 жылдан бастап кафедра философия және әлеуметтік-саяси теориялар кафедрасы деп аталып келе жатыр.
Философия және әлеуметтік-саяси теориялар кафедрасының
профессорлық – оқытушылар құрамы
|
№
|
Оқытушының аты-жөні
|
Лауазымы
|
Ғылыми атағы мен дәрежесі
|
| 1 |
Сейтембетов Е.Ж. |
Кафедра меңгерушісі |
Философия ғылымдарының кандидаты |
| 2 |
Мостовенко Г.И. |
Ректор кеңесшісі, профессор |
Философия ғылымдарының кандидаты, ЖАК профессоры |
| 3 |
Дементьев М.Г. |
Профессор |
Философия ғылымдарының кандидаты, ШҚМУ профессоры |
| 4 |
Мағзұмов М.Т. |
Профессор |
Философия ғылымдарының кандидаты, ШҚМУ профессоры |
| 5 |
Қажым Ж.К. |
Профессор |
Философия ғылымдарының кандидаты, ШҚМУ профессоры |
| 6 |
Рябцовский Г.Г. |
Доцент |
Философия ғылымдарының кандидаты, ШҚМУ доценті |
| 7 |
Карпова Н.И. |
Доцент |
Философия ғылымдарының кандидаты, ШҚМУ доценті |
| 8 |
Одинцов Н.П. |
Доцент |
Философия ғылымдарының кандидаты, ЖАК доценті |
| 9 |
Морозова О.В. |
Аға оқытушы |
Философия ғылымдарының кандидаты |
| 10 |
Игисинова Н.Б. |
Аға оқытушы |
Философия ғылымдарының кандидаты, ШҚМУ доценті |
| 11 |
Жиренова А.Т. |
Аға оқытушы |
Жоқ |
| 12 |
Кротова Л.Г. |
Аға оқытушы |
Жоқ |
| 13 |
Спамбетова Л.Ш. |
Аға оқытушы |
Жоқ |
| 14 |
Қабдрахманова Ф.К. |
оқытушы |
Жоқ |
| 15 |
Рякова Е.Г. |
оқытушы |
Жоқ |
| 16 |
Уәлиева Р.Т. |
оқытушы |
Жоқ |
| 17 |
Суймханова Н.С. |
оқытушы |
жоқ |
| 18 |
Раисова А.А. |
оқытушы |
Жоқ |
| 19 |
Шуршитбай М. |
оқытушы |
Жоқ |
| 20 |
Мягких А.А. |
оқытушы |
Жоқ |
| 21 |
Абдығалиева Л.И. |
|
Философия ғылымдарының кандидаты |
| 22 |
Қожасеитова О.А. |
Декрет |
Жоқ |
| 23 |
Савчук Е.В. |
Декрет |
Жоқ |
| 24 |
Слабодчикова Н.С. |
Декрет |
Жоқ |
| 25 |
Шуршитбай Б. |
Декрет |
жоқ |
Келесі мамандықтар бойынша дайындық жүргізіледі:
Бакалавриат: 050502-«Саясаттану», 4 жыл; қысқартылған сырттай бөлім (екінші жоғары) – 2 жыл
Магистратура: 6 N 0201 «Философия», 2 жыл
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1. Қоғамды реформалаудың әлеуметтік-философиялық және саясаттанулық проблемалары.
Бағыттың ғылыми жетекшісі – филос. ғ.к., ШҚМУ профессоры Дементьев М.Г., мүшелері: филос. ғ.к., ШҚМУ профессоры Қажым Ж.Қ., тарих. ғ.к., ШҚМУ профессоры Мағзұмов М.Т, аға оқытушы Кротова Л.Г., филос. ғ.к., доцент Одинцов Н.П., аға оқытушы Жиренова А.Т.
Бұл бағыттың зерттеу жұмысының міндеті: Қазақстан Республикасындағы саяси процестердің мәні мен мазмұны, олардың демократия мен азаматтық қоғамның қалыптасуындағы алатын орны, жаһандану жағдайындағы Қазақстан т.б. проблемаларды концептуалды деңгейде зерттеу.
2. Қазіргі заманғы мәдениеттің өзекті мәселелері.
Ғылыми жетекші – филос. ғ.к., аға оқытушы Сейтембетов Е.Ж., ф.ғ.к., доцент Игисинова Н.Б., аға оқытушы Спамбетова Л.Ш., оқытушы Шуршітбай М., оқытушы Суймханова Н.С., оқытушы Уалиева Р.Т.
Бұл бығыттың зерттеу мақсаты – қазіргі заманғы мәдениет пен өркениеттің өзекті мәселелеріне философиялық-мәдениеттанулық түрғыдан талдау жасау, қазіргі таңда адам мен қоғам дүниетанымының қалыптасуы мен дамуының әлеуметтік-мәдени негіздерін ашып көрсету
3. Рационалдықтың шегі мен тарихи типтері.
Ғылыми жетекші – философия ғылымдарының кандидаты, профессор Мостовенко Г.И. Құрамына кіреді: философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Морозова О.В., оқытушы Рякова Е.Г., оқытушы Кабдрахманова Ф.К., оқытушы Мягких А.А.
|