Бас бетқе ЖОО факультеттері
Бас бетқе   [ЖОО факультеттері] \ [Тарих және халықаралық қатынастар факультеті] \
Логин

Пароль


Регистрация

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

Өскемен қаласы, 30-гв. дивизия көшесі, 34, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, бас ғимарат
Телефон (7232) 540-476

Кафедра меңгерушісі

Нұрбекова Раушан Қалымбекқызы,
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

1990 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, 1998 жылы «Қазақстан тарихы» мамандығы бойынша магистратураны, 2001 жылы «Отандық тарих» мамандығы бойынша аспирантураны бітірген. «Тарих», «Тарих және география», «Құқық және экономика негіздерінің тарихы» мамандықтары бойынша мемлекеттік стандарт жобасын жасауға, «Мемлекеттік тілде жоғары және ЖОО–нан кейінгі кәсіптік білімді мамандарды үздіксіз даярлау жағдайы мен болашағы туралы» мәселе бойынша университет комиссиясының жұмысына қатысты. 28 мақаланың авторы.

Кафедра тарихы
«Халықаралық қатынастар» мамандығы 2000 жылы ашылды. Ғылыми Кеңестің «Университеттің оқу құрылымындағы өзгерістер туралы» шешіміне (26.06.2006, №12 хаттама) сәйкес, «Қазақстан, шетел тарихы және халықаралық қатынастар» кафедрасын қайта құру жолымен 2006 жылдың 27 - маусымында «Халықаралық қатынастар» кафедрасы (№158а-п бұйрығы) құрылды.
Университет құрылымының қайта құрылуына байланысты және 2008 жылдың 8 - шілдесіндегі №304-К бұйрық негізінде жұмыс істейтін Қазақстан және шетел тарихы кафедрасы, Халықаралық қатынастар тарихы кафедрасы базасында Халықаралық қатынастар және шетелдер тарихы кафедрасы құрылды.

Халықаралық қатынастар мамандығының 2-3 курс студенттерінің диплом алдындағы, оқу-танымдық және өндірістік іс-тәжірибелерін өткізу мақсатында кафедра бірқатар мемлекеттік мекемелермен бірге жұмыс жасайды, атап айтқанда: ШҚО әкімдігімен, Өскемен қаласының әкімдігімен, ШҚО бойынша көші-қон комитеті басқармасымен, ШҚО бойынша кедендік бақылау департаментімен, ҚР СІМ консулдық қызмет департаментінің Өскемен қаласындағы консулдық пунктімен.
Халықаралық қатынастар мамандығының студенттері тілдік тәжірыбедені Америка, ҚХР және Германия ЖОО –да өтеді.Бұл елдерде студенттер өз кәсіби деңгейлерін, ой-өрістерін, көтеріп, ғылыми әдебиеттер сатып алады және т.б.
Халықаралық қатынастар мамандығының түлектері Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеп, саяси, тарихи, сыртқы саясат мәселелері бойынша шетелдерде Қазақстанның елшілік өкілдіктерінде, арнайы халықаралық ұйымдарында референт, сарапшы қызметін атқара алады. Олар ағылшын, қытай, неміс, түрік тілдерінің аудармашылары болып, халықаралық мәселелерді зерттеу жөніндегі талдау орталықтарында, саяси мәселелер бойынша әр түрлі корпорацияларда кеңесші қызметін атқара алады.
Бүгінде біздің факультеттің мына бес түлегі: Бейбіт Құралай, Райымханов Әрсен, Дүйсембаев Қанат, Мұқышев Мұрат және Әбділдин Арсен ҚР СІМ-де жұмыс істейді. Мұқышев Мұрат ҚР–ның ҚХР –дағы елшілігінде кіші қызметкер ретінде жұмысқа жіберілгенін, ал түлегіміз Қабашева Қымбат Австрияда ҚР СІМ елшілігінде атташе қызметін атқаратынын атап өту керек. Бірқатар түлектеріміз облыстық әкімдікте (Әділқанова И.Б., Мұхамедова А.М.), ШҚО бойынша көші-қон басқармасында (Қожакеева М.Е.), Өскемен қаласындағы консулдық пунктте (Сағиева А.Т.) т.б. жұмыс істейді.

Кафедрада даярлық жүргізілетін мамандықтар тізбесі
Кафедрада 050202 халықаралық қатынастар мамандығы бойынша даярлық жүргізіледі, оқу мерзімі – 4 жыл, академиялық дәрежесі: халықаралық қатынастар бакалавры.

Кафедра ғылыми жұмысының негізгі бағыттары
Кафедраның қомақты ғылыми әлеуеті бар.Қазіргі кезде кафедрада 15 штаттық оқытушылар және 5 оқытушы қосымша жұмыс істейді. Олардың алтауының ғылыми атақтары бар, дәрежелі жоғары білікті кадрлар.

1) Айтқазина З.Н. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «ХХ ғасырдың екінші жартысы ХХI ғасырдың басындағы Қазақстанның қала халқы». Ғылыми жетекшісі – т.ғ.д. Алексеенко А.Н.
2) Бұлғынбаева А.Қ. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстанның солтүстік-шығысындағы әлеуметтік, экономикалық, демографиялық үрдіске шекарашылық жағдайдың әсері» ғылыми жетекшісі – т.ғ.д. Игібаев С.К.
3) Нұрбекова Р.Қ. Докторлық диссертациясының тақырыбы: «ХХ ғасырдың 30-80 жылдарындағы Шығыс Қазақстандағы тоталитарлық жүйе және оның салдары».
4) Қайыркен Т.З. Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Көне түркі ескерткіштеріндегі қытайша мәтіндер».
5) Қалиева Қ.С. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Халық санағы Қазақстан халықорналасуын зерттеу дерегі ретінде (1897-1926 жылдар)».
6) Южакова Н.Н. Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан зиялы қауымы кеңестік кезеңде: мәселенің тарихи жағы».
7) Хасенова А.К. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Қытай шекаралық саудасы: сыртқы саясат жақтары».

«Халықаралық қатынастар және шетел тарихы кафедрасы» оқытушыларының тізімі

Аты-жөні, тегі
лауазымы
Ғылыми дәрежесі, атағы
1. Нұрбекова Раушан Қалымбекқызы Кафедра меңгерушісі, доцент Т.ғ.к.
2. Айтқазина Зура Нұрмұқанқызы оқытушы Тарих магистрі
3. Бұлғынбаева Аяулы Қалымбекқызы оқытушы Тарих магистрі
4. Гуляев Константин Леонидович аға оқытушы Т.ғ.к.
5. Сембинов Тоқтархан Сембіұлы аға оқытушы  
6. Тұқыжықов Игорь Николайұлы аға оқытушы  
7. Қайыркен Тұрсынхан Законұлы доцент Т.ғ.к.
8. Веремчук Людмила Павловна доцент Т.ғ.к.
9. Егоренкова Елена Николаевна аға оқытушы Тарих магистрі
10. Қалиева Қанша Советқанқызы оқытушы Тарих магистрі
11. Полтаранин Иван Аникеевич ШҚМУ профессоры Т.ғ.к.
12. Рамазанов Ришат Сағыбекұлы аға оқытушы Тарих магистрі
13. Южакова Наталья Николаевна ШҚМУ доценті Т.ғ.к.
14. Хасенова Әнел Қайсарқызы оқытушы Тарих магистрі
15. Тоқтасынов Дастан Бақытбекұлы оқытушы Тарих магистрі

Кафедраның материалдық техникалық базасы

«Халықаралық қатынастар» мамандықтары студенттері үшін шет тілдерінен сабақтар 331- дәрісханадағы лингафондық кабинетте жүргізіледі.
Компьютерлік сынып жұмыс істейді – 310-дәрісхана.

 Біздің адрес: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34
 Почта индексіміз: 070020