Бас бетқе Ақпараттар Д.А. Қонаевтың жүз жылдығына арналады

Д.А. Қонаевтың жүз жылдығына арналады

Бүгін 12 қаңтарда «Алтай» технопаркінің конференц-залында Қазақстанның көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың жүз жылдығына арналған «Д.А. Қонаевтың Қазақтанның қалыптасуы мен дамундағы ролі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.

Конференцияның пленарлық отырысындағы негізгі баяндамаларды профессор, ШҚМТУ «Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасының меңгерушісі Ғ. Қарасаев, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымының кандидаты Л. Турова, Шәкәрім атындағы СМУ тарих кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымының кандидаты Р. Екібаева және басқалар жасайды.

Қазақ қаржы-экономикалық академиясының ректоры, заң ғылымдарының докторы М. Матаеваның «Д. Қонаевтың басқарған жылдарындағы Қазақстанның конституциялық дамуы» тақырыбындағы және доцент, тарих ғылымының кандидаты Г. Панковскаяның «Саяси портректке штрих: Д. Қонаев» тақырыбындағы баяндамалары өте қызықты.

Күннің соңында конференцияға қатысушылар қорытындыларды шығарады, қарар қабылданады.


Счётчик ТИЦ