Бас бетке Өсу орталығы

«Өсу орталығының» талапкерлеріне арналған дайындық бағдарламасының күзгі маусымы аяқталды

Дайындық бағдарламасы Маркетинг және ЖОО дейінгі дайындық орталығының ШҚО Білім басқармасымен және «Шығыс» аймақтық орталығымен бірге ұйымдастырылды.

ЖОО дейінгі дайындық бағдарламасына қатысу үшін ШҚО орта мектептерінің бітіруші сыныптың 219 оқушысы университетке келді, оның ішінде Өскемен қаласынан - 11, Риддер қаласынан - 8, Семей қаласынан - 1, Жарма ауданынан - 17, Зырян ауданынан - 28, Зайсан ауданынан - 1, Катон-Қарағай ауданынан – 31, Көкпекті ауданынан - 31, Күршім ауданынан – 17, Тарбағатай ауданынан – 10, Ұлау ауданынан – 40, Шемонаиха ауданынан – 14, Глубокое ауданынан – 10.  

Оқудың алғашқы және соңғы күндері Ұлттық тестілеу орталығының ҰБТ технологиясы бойынша жүргізілген екі байқау тестілеуінің нәтижесінде жалпы орташа балл 17 тармақта 64,5-тен 81,3-ке көтерілді, бұл білім беру бағдарламасының тиімділігін дәлелдейді. 30-дан астам университет оқытушылары мен Өскемен қаласының мектеп мұғалімдері өздерінің жасаған авторлық бағдарламаларының негізінде жұмыс істеді. Байқау тестілеуінің ведомості vkgu.kz сайтының «Өсу орталығы» бөлімінде орналасқан.

«Өсу орталығының» бағдарламасы белсенді кәсіби бағдар беру жұмысының қатар жүруімен ерекшеленеді. Мектеп түлектері Біліктік арттыру орталығына, «Назарбаевтану» орталығына, «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығына, Экология ОҒЗО, «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығына, Ұжымдық қолданыстағы ұлттық зертханасына, тәжірибелік-өндірістік алаңқайға барды, университеттің жетекші оқытушыларымен және декандармен кездесті. Мәдени бағдарлама спорттық шараларға қанық болды, түлектер Өскемен қаласы әкімінің кубогына арналған КТК ойыны өтке ОМҮ-не барды, заманауи би бойынша шебер-кластарға, еріктілер клубының тұсаукесеріне, университеттің Іскер мәнсап орталығы мен жастар ісі жөніндегі комитеттің зияткерлік ойындарына қатысты.

Қатысушылардың сауалнамасының қорытындысы бойынша «Өсу орталығының» күзгі маусымы тек жақсы бағаға бағаланды. «Өсу орталығының» дайындық бағдарламасының қысқы маусымы 2016 жылдың 5 қаңтарынан 14 қаңтарына дейінгі аралыққа жоспарланып отыр.

Маркетинг және ЖОО дейінгі дайындық орталығы


Счётчик ТИЦ