2014 жылы С. Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің
магистратурасына оқуға қабылдау
ережелері
1 Жалпы ережелер
1.Бұл Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру туралы» Заңына, 2011 жылғы 17 маусымдағы «ҚР МЖМББС Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Магистратура. Негізгі ережелерге», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдесіндегі №701 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың типтік ережелеріне» сәйкес құрастырылды және 2013 жылы магистратураға қабылдау тәртібін белгілейді.
2.Университет магистратурасында ғылыми, педагогикалық және басқарушылық кадрларды даярлау ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша екі жыл мерзімімен, бейіндік бағыт бойынша 2 және 1 жыл мерзімімен, тек күндізгі оқу түрі бойынша жүзеге асырылады.
3.Университет магистранттарының құрамын қалыптастыру мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде, сондай-ақ, азаматтар қаражаты есебінен оқу ақысын төлеу арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ тұлғалар сол деңгейдегі білімді бірінші рет алатын жағдайда, әскери оқу орындарын есепке алмағанда, мемлекеттік білім беру тапсырысымен тегін білім ала алады.
Конкурстық негізде шетел азаматтарына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша тегін білім алу құқығының берілуі Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері негізінде белгіленеді.
4. Университет докторантурасына қабылдау конкурс негізінде түсу емтиханындарының қорытындысы бойынша жүргізіледі.
5. Шет тілін меңгергені туралы халықаралық төмендегі сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға түсудің шет тілі бойынша емтиханынан босатылады:
ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm(TOEFL ITP – 460-ден кем емес), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing ProgrammInternet-based Test, (TOEFL IBT, өту ұпайы 87-ден кем емес), (TOEFL, өту ұпайы 560-тан кем емес), International English Language Tests System (IELTS, өту ұпайы 6,0-дан кем емес);
неміс тілі: Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1 / С1деңгейі), TestDaF – Prufung (Niveau C1 / С1деңгейі);
французтілі: Test de Francais InternationalTM (TFI –оқу және аудирование бөлімдері бойынша В1деңгейінен кем емес), Diplome d'Etudes en Langue français (DELF, өту ұпайы - В2), Diplome Approfondi de Langue français (DALF, өту ұпайы- С1), Тest de connaisances de français (TCF, өту ұпайы 400-ден кем емес).
6. Магистратурағақабылдаутуралыақпаратқұжаттардықабылдауғадейінгікемдегендеонбескүнбұрынбұқаралықақпаратқұралдарыарқылыжарияланады.
7. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға үміткерлердің өтініштері білім беру саласындағы құзіретті орган базалық ЖОО ретінде белгілеген жағдайда ғана университетте қабылданады.
8. Университеттің магистратурасына түсушілердің құжаттары10 шілдеден 30 шілдеге дейін қабылданады.
9. Магистратураға тапсыру емтихандары 10-20 тамыз аралығында, қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.
2 Магистратураға түсу құжаттарын қабылдау тәртібі
2.1 Университет магистратурасына жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламасын меңгерген тұлғалар қабылданады.
2.2 Құжаттарды қабылдау мен қабылдау емтихандарын ұйымдастыру үшін Университетте қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының төрағасы университет ректоры болып табылады.
Қабылдау комиссиясының құрамы ректор бұйрығымен бекітіледі.
2.3 Магистратураға түсушілер қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды өткізеді:
1) ректор атына өтініш;
2) білімі туралы құжатты;
3) осы Ереженің 5- ші тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсыруы туралы сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
4) кадрлар есебі бойынша жеке парақ және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғаларға);
5) 3x4сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
6) 086-У формасындағы медициналық анықтама;
7) жеке бас куәлігінің көшірмесі;
8) ғылыми және ғылыми- әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар жағдайда);
9) қосымша құжаттар (мақтау қағаздары, мінездемелер, ұсыныстар)
2.4 Магистратура мамандықтарына үміткерлердің құжаттары бакалавриат пен магистратура деңгейлері бойынша даярлық бағыты сәйкес келген жағдайда ғана қабылданады.
Даярлық бағыттары сәйкес, алайда мамандық атаулары әртүрлі болған жағдайда магистратураға түсуші магистратураның кәсіптік білім беру бағдарламасын игеру үшін қажетті барлық пререквезиттерді игеруі керек. Пререквезиттері болмаған жағдайда оларды ақылы түрде игеру рұқсат етіледі.
3 Қабылдау емтихандарын өткізу тәртібі
3.1 Магистратураға түсуші Қазақстан Республикасының азаматтары мен азамматтығы жоқ тұлғалар (шетелдіктерді қоспағанда) келесі түсу емтихандарын тапсырады:
1) бір шет тілінің таңдалған түрі бойынша (ағылшын, француз, неміс);
2)мамандық бойынша.
3.2 Магистратураға түсуші шетелдік тұлғалар келесі түсу емтихандарын тапсырады:
1) мемлекеттік немесе орыс тілі бойынша (оқу тілі бойынша);
2) мамандық бойынша.
3.3 Магистратураға түсу емтихандарын өткізу кезінде Университетте мамандық бойынша емтихандық комиссиялар құрылады.
3.4 Мамандық бойынша емтихандық комиссия тиісті мамандық бойынша ғылыми дәрежесі бар ЖОО мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерінен құрылады.
Мамандық бойынша емтихандық комиссия құрамы төраға мен үш мүшеден құралады, олардың екеуі ғылым докторлары болуы керек..
Мамандық бойынша емтихандық комиссия құрамы ректордың бұйрығымен бекітіледі.
3.5 Магистратураға түсу емтихандарының бағдарламаларын жоғары білім берудің пәндері бойынша типтік бағдарламалар негізінде Университеттің кафедралары құрастырады.
Мамандық бойынша түсу емтиханын Университеттің шығарушы кафедрасы ауызша түрде қабылдайды. Ауызша емтиханның ұзақтығы – бір емтихан тапсырушы үшін 0,5 сағат.
3.6 Мамандық бойынша емтихан кезінде базалық ЖОО- ға қадағалаушылар ретінде білім беру саласындағы құзіретті орган өкілдері жіберіледі.
3.7 Базалық және желілік ЖОО-лар емтиханды өткізуге дейін 20 күнтізбелік күн бұрын білім беру саласындағы құзіретті органға мамандық бойынша қабылдау емтихандарын өткізу кестесін жібереді.
3.8 Мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы құрастырған технологиясы бойынша жүргізіледі.
3.9 Білім беру саласындағы құзіретті орган мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандарын өткізу тәртібін анықтайды.
3.10 Мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандары білім беру саласындағы құзіретті орган белгілеген тәртіпте базалық ЖОО болып табылатын С.Аманжолов атындағы ШҚМУ- да өткізіледі.
3.11 Түсу емтихандарын қайта тапсыруға болмайды.
3.12 Бірыңғай талаптарды сақтау мен даулы сұрақтарды шешуді қамтамасыз ету мақсатымен апелляцияларды қарастыру бойынша Республикалық комиссия мен университетте апелляциялық комиссия құрылады.
Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы құзіретті органның бұйрығымен бекітіледі.
Университеттегі апелляциялық комиссияның құрамы қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
Апелляциялық комиссиялар түсу емтихандарының шешімімен келіспейтіндердің өтінішін қарастыру мақсатымен құрылады.
3.13 Апелляциялық комиссия магистратураға түсушілер тарапынан келген өтініштерді емтихандық материалдардың мазмұны мен техникалық себептер бойынша қабылдайды.
Апелляциялық комиссия мамандық бойынша түсу емтиханының нәтижелеріне апелляция берген адамға ұпай қосу туралы шешімді қабылдайды.
Мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша аппеляцияны қарастыру нәтижелерін апелляциялық комиссия республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.
Республикалық апелляциялық комиссия аппеляциялық комиссия ұсыныстарының дұрыстығын тексеріп, аппеляциялық комиссия ұсынысы келгеннен кейін бір күн ішінде мемлекеттік, орыс және тілі бойынша түсу емтихандары нәтижелеріне аппелляция берген тұлғаға ұпай қосу жайлы шешім қабылдайды.
3.14 Магистратураға түсуші аппеляцияға өтінішті аппелляция комиссиясының төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініш қабылдау емтиханының нәтижесін жарияланғаннан кейінгі күннің 13.00 сағатына дейін қабылданады және аппеляциялық комиссия өтініш берілгеннен кейін оны бір күн ішінде қарастырады.
Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке жұмыс жасайды. Өтініш беруші апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайнда оның өтініші қарастырылмайды.
3.15 Апелляциялық комиссия өтінішті қарастырған кезде өтініш беруші өзінің жеке басын растайтын құжатын көрсетуі керек.
3.16 Апелляциялық комиссиялардың шешімдері комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы бойынша қабылданады. Дауыстар саны бірдей болған жағдайда қабылданатын шешімді комиссия төрағасының шешуші дауысы белгілейді.
Апелляциялық комиссияның жұмысы комиссия төрағасы мен барлық мүшелері қол қойған хаттамамен рәсімделеді.
4 Университет магистратурасына қабылдау
4.1 Магистранттар құрамына қабылдауды Университеттің қабылдау комиссиясы жүргізеді.
4.2 Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша түсу емтихандарының қосынды нәтижесі төменде келтірілген кестеге сәйкес 100 – ұпайлық межеліктің 150 ұпайы бойынша ең жоғары ұпай жинаған тұлғалар қабылданады.
Бағалаудың 100-ұпайлық межелігі бойынша бағаларды аудару жүйесі
|
Бағалаудың 100-ұпайлық межелігі бойынша ұпайлар
|
Бағалаудың 4-ұпайлық межелігі бойынша ұпайлар
|
|
95-100
|
Өте жақсы(5)
|
|
90-94
|
|
|
85-89
|
Жақсы(4)
|
|
80-84
|
|
|
75-79
|
|
|
70-74
|
Қанағаттанарлық(3)
|
|
65-69
|
|
|
60-64
|
|
|
55-59
|
|
|
50-54
|
|
|
0-49
|
Қанағаттанарлық емес(2)
|
Осы ереженің 5- тармағында көрсетілгендей шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарына 100- ұпайлық жүйе бойынша ең жоғары ұпай қойылады.
4.3 Байқау ұпайларынан бірдей көрсеткіш алынған жағдайда мамандық бойынша түсу емтихандарынан жоғары ұпай жинаған тұлғаға артық құқық беріледі, ал мамандық бойынша ұпай көрсеткіштері бірдей болған жағдайда мемлекеттік, орыс және шет тілінен ең жоғары бағасы бар тұлғалар артықшылық құқығын иеленеді. Бұдан кейін таңдалған мамандықтың бейініне сәйкес келетін ғылыми жетістіктер есепке алынады.
4.4 Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистрлерді мақсаттық даярлыққа қабылдау осы даярлыққа үміткерлер арасында конкурстық негізде жүргізіледі.
4.5 Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша игерілмеген орындар, оның ішінде мақсатты орындар ЖОО- лар арасында бөлу үшін ҚР БҒМ қайтарылады.
4.6 Университет білім беру саласындағы құзіретті органға 10 күнтізбелік күн ішінде қабылдауды ұйымдастыру мен өткізу жайлы қорытынды есепті, сондай- ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға қабылдау бұйрықтарының көшірмелерін тапсыру керек.
4.7 Келісім-шарт негізінде магистранттар қатарына қабылдау туралы бұйрық білім беру қызметін көрсету жөніндегі келісім-шарт жасалған соң және бірінші оқу жылына толық немесе жартылай ақы төленген соң ғана шығарылады
4.8 Магистратураға қабылдауға ұсыныс беру туралы пәндік емтихандық комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бастығымен келісілген соң қабылдауға ұсыну хаттамасы университеттің қабылдау комиссиясының қарастыруына беріледі.
4.9 Мақсатты даярлық шеңберінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түскен әрбір магистрантпен «базалық ЖОО- ЖОО- магистрант» түріндегі үш жақты келісім- шарт жасалады.
4.10 Осы Ережеде қарастырылмаған сұрақтар мен мәселелерді С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қабылдау комиссиясы дербес шешеді.
Қосымша: Магистранттарды қабылдау ережелеріне ҚР БҒМ-ның нұсқаулық-нормативтік құжаттары бойынша және С.Аманжолов атындағы ШҚМУ бұйрықтарының негізінде өзгерістер енгізуге болады.