Бас бетке Ректор блогы

«Нұр Отан» – нұрлы болашақ

«Нұр Отан» партиясының саяси доктринасы университет қабырғасында талқыланды. Барлық өңір бөлімшелерінен 1 мың 194 делегат қатысқан «Нұр Отан» партиясының ХV съезі аясында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Нұр Отан»...

Түтіні түзу ұшқан түркі халықтары бас қосты

Түбі бір түркі тілдес халықтарының ортақ үйі  атанған Алтай өңірінде, Шығыс Қазақстан облысының  орталығы Өскемен қаласында әлемнің ғалымдары мен мәдениет және өнер иелері бас қосқан  «Алтай – түркі әлемінің алтын...

Халықаралық бас қосу

С. Аманжолов атындағ Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Жасыл энергетика мен өнімді тереңдетіп қайта өңдеуді дамытуға негізделген инновациялық технологиялар мен зерттеулер» атты халықаралық мектеп-семирары өтуде. Аталмыш шараға Рессей, Қырғызыстан, Түркия сынды мемлекеттермен...

ШҚМУ-да Ресей ғылымы мен мәдениеті орталығының ашылды

Бүгін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де Ресей ғылымы мен мәдениетінің орталығы ашылды. Биыл наурыз айының соңында ШҚО-ның Алтай өлкесіндегі күндері аясында АлтМТУ-да Қазақ мәдени орталығы ашылған. Өскемен мен Барнауыл бауырлас қалалар атанған. ШҚМУ...

Екі жұлдыз – соғыс жылдарындағы әндер

Мамыр айының қос мерекесі - Отан қорғаушылар күнімен Жеңіс күні - ШҚМУ ұжымы үшіне ерекше. Бүгінгі ұрпақ алдыңғы аға буын өкілдерінің соғыстағы ерліктеріне бас иеді. Олардың ерлік істерінен жастар отансүйгіштікті...

Елші тікелей қолдау білдіруге уәде етті

Корея елшісі Пэк Чухен жұмыс сапарымен университетімізге келіп, оқу орнымыздың ректоры Мейір Ескендіровпен, сондай-ақ студенттермен, оқытушылармен кездесті. Осы күні Кореяның іргелі оқу орны – Джионгсанг университетімен қосдипломды білім бойынша студенттер алмасу...

Педагогикалық тәжірибеге – ауылға!

Мәжіліс депутаты Светлана Ферхо ШҚМУ студенттерінің бастамасын қолдады. Ол бастама мәжілісменнің студенттермен кездесуінде айтылған. Студенттер тәжірибеден ауылдарда өтуге ниет білдірген. Студенттерді сол кездесуге қатысқан ЖОО ректоры Мейір Ескендіров те қолдады. Бүгінде...

Көктем мерекесі құтты болсын!

8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында бесінші оқу ғимаратында университетіміздің қыз-келіншектеріне арналған тамаша концерт болып өтті. Бұл концерт күннің екінші жартысында болды, ал алғашқысында универитет ректоры, тарих ғылымының докторы, профессор...

Ректор университет ардагерлерімен кездесті

Мейір Ғариполлаұлы Ескендіровтің С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалғанынан бері екі аптадан асты. ЖОО-ның бірінші басшысы алғашқы болып ШҚМУ ардагерлерімен кездесу өткізді.  - Бүгін мен сіздермен жолығып...

Әлішер Сүлейменов шеберлік сыныбын өткізді

Танымал қазақстандық журналист, актер, режиссер, продюсер және сценарист Әлішер Сүлейменов Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерімен шеберлік сыныбын өткізді.  Студенттермен кездеспеc бұрын Әлішер Асқарұлы ректор, профессор Бейбіт Мамраевпен бірге...

Первая Назад 1 2 3 Последняя

Қадірлі достар! Құрметті әріптестер!

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ресми сайтында Сіздермен кездесіп, ой бөлісуге қуаныштымын!

Университеттің 60 жылғы қызметі көптеген мәртебелі істерімен ерекшеленеді. Жоғары оқу орнының ұжымы мен түлектері, жалпы өңір тұрғындары университеттің нәтижелі қызметін мақтан етеді. 

Қазақстанның болашағы зор және қарқынды даму үстіндегі жоғары оқу орындарының бірі болып табылатын осы білім ордасын басқару мен үшін үлкен абырой, әрі жоғары жауапкершілік.

Профессорлар мен оқытушылардың қуатты зияткерлік әлеуетіне, дағдылық және өмірлік тәжірибесіне, жоғары азаматтық жауапкершілігіне, Шығыс Қазақстанның сарқылмас адами қорына сүйене отырып университет өзінің стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыратынына кәміл сенемін!

Бүгінгі күні ШҚМУ бірегей оқу-ғылыми, зерттеу және мәдени-ағарту кешені болып табылады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындауда еліміздің көп бейінді университеттерінің бірінші ондығына кіреді. Үш беделді халықаралық қауымдастықтардың, соның ішінде Еуразиялық университеттер қауымдастығының мүшесі болып табылады. 2009 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ университеттердің Ұлы хартиясына қол қойып, Болон үрдісіне қосылды.

Университет қазір өз дамуының жаңа сатысында, ірі білім беру, зерттеу және инновациялық орталыққа айналу үстінде. Университетте «Ядролық технологиялар және қайта жаңартылатын технологиялар» атты ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертхана табысты қызмет атқаруда. ҚР БҒМ, «Даму», «Парасат» қорларының 30 гранттары бойынша ғылыми-зерттеу жобалар іске асырылуда. «Ядролық физика» мамандығы бойынша дайындық жүргізіледі, физикадан PhD докторантурасы ашылған.  

Осы үндеуімді университеттің болашақ талапкерлеріне де арнаймын. Бүгінгі күні талапкерлердің көпшілігі өмірдегі ең жауапты таңдауын жасау үстінде, яғни, келешектегі мамандығын анықтауда.  Бұл таңдау талапкердің ұзақ жылғы уақытты қамтитын мансабына ғана емес, бүкіл өміріне өз ықпалын тигізеді. Сондықтан, оқу орнын таңдаған кезде, ең алдымен өз болашағыңды ойлау парыз. Бұл болашақты С.Аманжолов атындағы ШҚМУ қамти алады.

Университет тек жаңа қоғамның іргесін қалай білетін, әрі инновациялық экономиканы  құра алатын және нарықтық қатынастар жүйесінде бәсекеге қабілетті кәсіпқой маманды ғана емес, сондай-ақ, инноваторды, тек тұлғаны ғана емес, сонымен қатар, көшбасшыны, адамды ғана емес, отансүйгіш азаматты дайындайды.

ШҚМУ талапкерлеріне, студенттеріне, магистранттарына, оқытушылары мен қызметкерлеріне алға қойған мақсаттарының жүзеге асуына, оқуда және еңбекте табысты болуына тілектеспін!

Баршаңызды Жаңа 2013 жылмен құттықтаймын!

 

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры,

Ә. Қуандықов

Всего записей 22


Архив

Последние вопросы


Счётчик ТИЦ