С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кеңесінің 2014-2015 оқу жылына арналған
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
ҚАЗАН
1. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 2011-2020 жж. арналған Стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыруда университет ұжымының 2013-14 оқу жылындағы қызметінің нәтижесі мен университеттің 2015-2018 жж. арналған Стратегиялық даму жоспарының жобасы туралы (ШҚМУ ректорының баяндамасы);
2. Университет факультеттерінде түлектердің Мемлекеттік аттестаттауы мен 2013-14 оқу жылындағы жазғы емтихандық сессиясының қорытындысы туралы (оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректордың ақпараты);
3. Жастардың бойында патриотизм мен азаматтық белсенділікті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру туралы (тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі бөлім басшысының ақпараты);
4. Әртүрлі.
ЖЕЛТОҚСАН
1. 2015-2018 жж. арналған университеттің Стратегиялық даму жоспарын орындау аясында университет факультеттеріндегі оқу және оқу-әдістемелік жұмыстың қазіргі жағдайы мен оны жетілдіру туралы(оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректордың баяндамасы);
2. Университеттің ғылыми кітапханасы қызметінің мәселелері мен келешегі туралы (ғылыми кітапхана директорының ақпараты);
3. «2013 жылдың үздік оқытушысы» атты мемлекеттік грантты игерудің нәтижелері туралы (оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректордың ақпараты);
4. ШҚМУ Ғылыми кеңесінің бұрын қабылданған шешімдерінің орындалуы туралы;
5. Әртүрлі.
АҚПАН
1. Университеттің 2015-2018 жж. арналған Стратегиялық даму жоспарын орындау аясында университет факультеттеріндегі ғылыми-зерттеу жұмыс пен халықаралық қызметтің қазіргі жағдайы және оны жетілдірудің келешегі туралы (стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректордың баяндамасы);
2. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 2014 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметі туралы (бас бухгалтердің есебі);
3. Университет факультеттеріндегі 2014-15 оқу жылындағы қысқы емтихандық сессиясының қорытындысы туралы (оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректордың ақпараты);
4. Әртүрлі.
СӘУІР
1. Университеттің 2015-2018 жж. арналған Стратегиялық даму жоспарын орындау аясында университет факультеттеріндегі тәрбие жұмысының қазіргі жағдайы мен оны жетілдіру туралы (тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың баяндамасы);
2. Факультеттердің Әдістемелік кеңесінің жұмысы туралы (оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректордың ақпараты);
3. Университеттің факультеттері мен кафедраларында кәсіптік бағдар беру жұмысының сапасы туралы (маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы жетекшісінің ақпараты);
4. Әртүрлі.
МАУСЫМ
1. Университетте оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын ендіру және жасау мәселелері туралы (ақпараттық технологиялар орталығы басшысының ақпараты);
2. 2015 жылы қабылданған білім алушылар үшін бакалавриат, магистратура және докторантураның білім бағдарламаларын, бойынша жұмыс оқу жоспарларын, магистранттар үшін 2015-16 оқу жылына арналған элективті пәндер каталогын және академиялық күнтізбесін бекіту туралы. Бакалавриат пен магистратура бағдарламалары бойынша білім алушылар үшін 2015-16 оқу жылына арналған GPA – курстан курсқа ауыстыру балын бекіту туралы (оқу үдерісін ұйымдастыру және бақылау бөлімі басшысының ақпараты);
3. ШҚМУ Ғылыми кеңесінің бұрын қабылданған шешімдерінің орындалуы туралы;
4. Әртүрлі.