Бас бетқе Оқу үдерісі Оқу және оқу-әдістемелік қызметі Іс-тәжірибелерді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар

Студенттердің кәсіби іс-тәжірибесі жоғары білікті мамандар даярлаудың маңызды бөлігі болып табылады, іс-тәжірибе іс-тәжірибенің базасы болып табылатын тиісті ұжымдарда - кәсіпорындарда, мекемелерде, мектептер мен ұжымдарда өтеді.
Кәсіби іс-тәжірибенің түрі, мерзімі, мазмұны жоғары оқу орнының іс-тәжірибе бойынша бағдарламасы және мамандықтың оқу-жұмыс жоспарымен анықталады. Кәсіби іс-тәжірибе түрлері мамандыққа сәйкес (даярлық бағыты) өткізіледі.
Білім алушылардың кәсіби іс-тәжірибесі жоғары оқу орнындағы оқу үдерісінде алған білімдерін бекітуге, іс-тәжірибелік дағдыларын игеруге және нәтижелі тәжірибе меңгеруге бағытталған. Білім алушылар кәсіби іс-тәжірибе барысында кәсіби және ұйымдастырушылық жұмыстан тәжірибе жинақтауы қажет. Төменгі курстарда келесі оқу іс-тәжірибесі ұйымдастырылады: далалық, топографиялық, археологиялық, фольклорлық және басқалар.
Мамандықтар реті бойынша дипломалды іс-тәжірибесі ұйымдастырылады, оның мазмұны бітіру жұмысының тақырыбымен анықталады. Дипломалды іс-тәжірибе кезінде білім алушылар кәсіпорынның, мекеменің, ұжымдар мен мектептердің өндірістік қызметі туралы нақты деректер жинақтап, оны бітіру жұмысын әзірлеу барысында қолданады.

Жоғары оқу орнында таңдалып алынған мамандықтың бағдарына қарай, студенттер іс-тәжірибе өту барысында нақты жағдайда кәсіпорындарда немесе мектептерде төменде аталған жұмыс түрлерін үйренеді:
– өндірістің технологиясын;
– экономиканы, өндірісті басқару және ұйымдастыру, өнімнің сапасын бақылау мен стандарттау, еңбек өнімділігі мен тиімділігі резервтерін анықтау бойынша шараларды;
– жабдықтар, аспаптар, есептегіш техникалар, бақылау - өлшегіш құралдар, саймандар, сонымен бірге өндірістік үрдістерді механикаландыру және автоматтандыруды;
– мектептердің, клиниканың, соттардың, прокуратураның, банктік - есептеу жүйелерінің, мәдени мекемелердің және т.б. жұмысын;
– экологияны, физиология, психология, еңбекті қорғаужәне гигиена саласында жүргізілген зерттеу нәтижелерін;
– ғылыми - зерттеу, жобалау - конструкторлық, жаңашыл - өнертапқыштық жұмыстарды ұйымдастыруды;
– Қауіпсіздік және пайдалы еңбек жағдайын қамтамасыз етуді және жасауды.
 
Іс-тәжірибе бағдарламасы төмендегілерді назарда ұстауы қажет:
– студенттердің жекелей тапсырмаларын орындау мерзімі мен мазмұнын;
– студенттердің ұжымдар, мекемелер, кәсіпорындардың  жаңашыл және өнертапқыштық жұмысына қатысуын;
– экскурсия жүргізудің мерзімі мен болжалды мазмұны;
– студенттердің іс-тәжірибе бойынша есеп беруге дайындалу тәртібі және қорғау мерзімі;
– тәжірибеден өтетін студенттерге дәріс оқу және кеңес беру;
Кафедрада іс-тәжірибе бағдарламаларын, мамандық бағдарын, кәсіпорын сипатын, іс-тәжірибе обьектісі болып табылатын ұйымды ескере отырып жасайды және білім беру мекемесінің жетекшісімен бекітіледі.
Жоғары оқу орны студенттері кәсіби іс-тәжірибені өткізу үшін келісімді негізде ұжымды, кәсіпорынды, мектептерді іс-тәжірибенің базасы ретінде анықтап, олармен іс-тәжірибені өткізудің күнтізбелік кестесімен және бағдарламасымен келіседі.  Келісімде жоғары оқу орнының, іс-тәжірибенің базасы мен білім алушылардың міндеттері белгіленеді. Келісім жасасқан шартқа сәйкес іс-тәжірибені өткізу мен ұйымдастыруды жоғары оқу орны мен іс-тәжірибе базасының жетекшілері жауапкершілігіне алады.
Іс-тәжірибеге оқу - әдістемелік басшылық жасауды, оқу жоспарының орындалуын, іс-тәжірибе бағдарламасы мен оның өткізілу сапасын жоғары оқу орнының тиісті кафедралары жетілдіреді.
Кәсіби білім берудің негізгі мақсаты сәйкес деңгейдегі мамандандырылған қызметкерлер дайындау, нарық майданында бәсекеге қабілетті, білікті, жауапкершілігі бар, өз мамандығын еркін меңгеретін, мамандығы бойынша дүниежүзілік стандарт деңгейіндегі тиімді жұмысқа қабілетті, ұдайы кәсіптік өсуге дайын мамандар даярлау.
Өндірістіктік іс-тәжірибені ұйымдастыру қағидаларының ұстанымдық негізі кафедра және кәсіпорын мүдделерінің балансы болып табылады: өндірістік іс-тәжірибенің пайдалы жағы кафедра үшін қандай болса, кәсіпорын үшін де дәл сондай екендігін анықтау қажет.
Әрине, кафедралар кәсіби іс - тәжірибе арқылы түлектің өзіндік жұмыс істеуге дайындық сапасының мәселелерін шешеді, сонымен бірге оның келешекте жұмысқа орналасу мәселесіне де септігін тигізеді. Ал, кәсіпорын анағұрлым дайындалған және келешегі бар мамандарды алдын-ала таңдау мүмкіндігіне ие бола алады.
Қазіргі уақытта біз, экономика жағдайына байланысты, кадрларды даярлаудың қалыптасқан жүйесі мен оларға қойылатын талаптардың арасында қарама-қайшылықтың өсіп отырғанын байқаймыз.
Индустриалдыдан ақпаратты-индустриалдыға, өзіне сәйкес инновациялық экономикамен, дүниежүзілік қауымдастық қозғалысы беталысымен салыстырғанда біздің мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму болашағын қарастыру жағдайында бұл фактор ерекше өзекті боп табылады. Біздің мемлекетіміздің ғылыми-техникалық әлеуетінің озық дамуын және қалыптастыруын қамтамасыз ететін , келешекте мемлекетіміздің оңды дамуы үшін, қабілетті мамандар даярлау арқылы техникалық және экономикалық негіз туғызу, бұл жағдайдағы инновациялық экономиканы қалыптастыруда басшылық рөлі жоғары мектепке тиісті екендігі даусыз. Өндіріс саласында істелінетін кез келген үрдіс маманнан жеткілікті теориялық біліммен қатар, таңдап алған мамандығы аймағында дағды мен іскерлікті игеруді талап етеді.
Студенттердің іс тәжірибелік дайындығы талаптарының орындалуын жоғары оқу орнының барлық  оқу және ғылыми бөлімшелері жүзеге асырады, мұндағы басты рөл түлек бітіртіп шығаратын кафедраға тиесілі. Бұл жағдайда студенттер семинар, іс-тәжірибелік және зертханалық сабақтарда, оқытудың белсенді әдістері (интерактивтік әдістер, іскер ойындар және т.б.), оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында және т.б. дағдылануды игереді. Қоғамдық жұмыстарды орындау, оқу және кәсіптік іс-тәжірибенің барлық түрлерінен өту кезеңінде дағды қалыптасады.
Нарық жағдайына байланысты  жоғары оқу орнының түлектері бәсекеге қабілетті болу керек, бұл мамандарды даярлау сапасын анықтайды. Жоғары (ғылыми-пед-қ) білімді мамандар даярлаудың бөлінбейтін бөлігі кәсіби іс-тәжірибелік даярлық болып табылады. Әрине, ол тым тереңірек болуы қажет және мұнда оның жетістігі үшін бағыттар көп.
Проблемалық-бағдарлық және жобалық ұйымдастырушылық технологияларды қолдану арқылы инновациялық білім беру студенттердің өндірістік және оқу іс-тәжірибесін жүргізу мен ұйымдастыруда ерекше назар аударуды талап етеді. Іс-тәжірибе жүргізу студенттердің анықталған дағдысы мен іскерлігін қалыптастыруды қамтамасыз ету керек, егер теориялық білім- ғылым арқылы білім беру үрдісі болса, онда іс-тәжірибелік жұмыс нәтижесі- өндіріс арқылы білім беру үрдісі.
Студенттердің оқу және кәсіптік іс-тәжірибесі мамандарды даярлау үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Іс-тәжірибенің негізгі міндеті студенттердің іс-тәжірибені өтетін ұжымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың жұмысын терең оқып үйрену, сонымен бірге өндірістік дағды және әдістерін меңгеру, жоғары оқу орнында білім беру үрдісі негізінде алған  білімдерін бекіту болып табылады.
 
Университетте типтік оқу жоспары және соның негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарымен келісілген төмендегідей түрдегі іс-тәжірибелер өтеді:
– оқу;
– кәсіптік;
– диплом алды;
Әрбір студенттің болашақ мамандығы бойынша алғашқы дағдысы мен іскерлігін меңгерту оқу іс-тәжірибесінің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.
Түлек бітіртетін кафедра үшінші курстан бастап, оқу айналымының аяғына дейін мамандарды даярлау үрдісін толық үйлестіреді және бақылайды. Жоғары курстағы іс тәжірибенің негізгі мақсаты - келешек олардың дамуымен нақты бітіру жұмысына сәйкес өндіріске енгізетін мамандықтың арнайы пәні бойынша жұмыс және курстық жобалар үшін материалдар таңдау. Кәсіптік іс-тәжірибелер бойынша есеп бергенде нақты экономикалық, техникалық, заңгерлік, экологиялық және басқадай тапсырмаларға ерекше көңіл аудару қажет.
Бітіру курстарында студенттер диплом алды іс-тәжірибесінен өту керек. Осы Іс-тәжірибе теориялық және іс-тәжірибелік оқыту бағдарламасын меңгергеннен кейін жүргізіледі, негізгі білім беру бағдарламасының бөлігі оқытудың қорытынды кезеңі болып табылады. Дипломалды іс-тәжірибенің мақсаты студенттердің болашақ мамандығы бойынша білімі мен дағдысын жетілдіру және пысықтау болып табылады, болашақ маманның нақты өндіріс жағдайында өз бетімен жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру, біліктілігіне баға беретін бітіру жұмысына материалдар дайындау. Соның барысында бітіру жұмысының негізгі бөлімдері бойынша жетіспеген материалдарын жинақтау, басқару-ұйымдастыру құрылымын, ұжым немесе кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасына байланысты мәселелерді зерделейді.

Счётчик ТИЦ