ТӘЖІРИБЕНІ ӨТКІЗУ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР


Өндірістік іс-тәжірибенің мазмұны сәйкес оқыту курсының іс-тәжірибесінің жұмыс бағдарламасымен нақтыланады, негізгі мәселелер былай анықталады
1, 2 курстар - оқу іс-тәжірибесі:
- мекемеге немесе кәсіпорынға жалпы сипаттама беру (нормативті-құқықтық базасы, мүддесі, атқаратын қызметтері (қызмет түрлері), құрылым, басқару, қызметтің негізгі көрсеткіштері;
3, 4 курстар - өндірістік іс-тәжірибе:
- мекеменің (кәсіпорынның) жалпы сипаттамасы, проблемаларды табу.

Іс-тәжірибе аяқталған соң 5 күн ішінде студент кафедраға іс-тәжірибе жетекшісіне тапсыруға міндетті
- мекеменің (кәсіпорынның) мөрімен куәландырылған іс-тәжірибені аяқтау бағасы қойылған жолдама (ҚОСЫМША Г);
- күнделік (ҚОСЫМША Д);
- есеп (ҚОСЫМША К);
- жеке іс-тәжірибені өту жоспары (ҚОСЫМША Ж);
- жұмыстың күнтізбелік жоспары (ҚОСЫМША Е);
- іс-тәжірибені өту орнынан мінездеме (ҚОСЫМША Л).

Есептің құрылымы мен мазмұны іс-тәжірибе бағдарламасының орындалуын бейнелеуі тиіс. Кіріспеде міндетті түрде іс-тәжірибе бағдарламасына және оны өту орнына сәйкес студент-практиканттың алдына қойған мақсаттары мен міндеттері анықталады. Қорытындыда іс-тәжірибе нәтижесі шығарылады: қорытындылар, негізді ұсыныстар мен ұсынымдар жасалады. Есепте студент-практиканттың мекеменің, кәсіпорынның немесе ұйымның қызметіне байланысты өз бақылаулары, ескертулері, түрлі пікірлері болуы өте маңызды.
Есепте мекеменің немесе кәсіпорынның құжаттарын (ережелер, нұсқаулар, жарғы және т.б.) толық баяндау қажет емес.
Іс-тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламасын белгілі бір талаптарға сәйкес практикаға жетекшілік ететін оқытушы құрайды, ол кафедра отырысында бекітіледі. (ҚОСЫМША А). Іс-тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламасының құрама бөлімдері.

Кіріспе
Осы іс-тәжірибенің маңыздылығы және өзектілігі, оның оқу үрдісіндегі орны.
Іс-тәжірибенің мақсаты мен міндеттері:
Мамандықтың ЖМБС сәйкес, іс-тәжірибе кезінде орындау үшін қажетті мақсаттар мен міндеттердің жалпы тұжырымы.
Іс-тәжірибені ұйымдастыру:
Іс-тәжірибені өту мерзімі, іс-тәжірибе базасы (ұйымның, бөлімшенің аты) көрсетіледі.
Іс-тәжірибе мазмұны:
Студенттер іс-тәжірибе кезінде игеруге міндетті нақты жұмыс түрлері мен әдістемелер тізімі.
Құжаттама және оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру
Іс-тәжірибе күнделігін, іс-тәжірибе бойынша есепті және басқа да құжаттамаларды рәсімдеу бойынша нұсқаулар бар. Іс-тәжірибе түріне байланысты іс-тәжірибе кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері, студенттердің есеп беру түрлері мен формаларын құру бойынша әдістемелік ұсыныстар; іс-тәжірибе жұмысы және сол бойынша есеп беру кезінде студенттердің жұмыстарын бағалау критерилері сынды мәселелерге көңіл бөлінеді.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Тізім студенттерге іс-тәжірибе тапсырмаларын орындау кезінде көмек ретінде құрылады.

Кафедрадан және кәсіпорыннан бекітілген жетекшілердің, студент-практиканттардың міндеттері (ҚОСЫМША Б).
Іс-тәжірибе аяқталғаннан кейін студент жетекшіге іс-тәжірибе күнделігін және тәжірибе өткен жерден оның нәтижесі туралы есеп беруге міндетті. Студент-практиканттың күнделігі бір күнде өткізілген барлық жұмыс түрлері жазылған құжат болып табылады.
Күнделіктің соңында іс-тәжірибеден өткен орнының жетекшісі студенттің жұмысына сипаттама беріп, өз бағасын ұсынады. Оқу іс-тәжірибесі бойынша есепті іс-тәжірибе жетекшісі-оқытушы қабылдайды.
Іс-тәжірибе туралы есепте студенттердің іс-тәжірибе кезінде нақты атқарылған жұмыстары туралы мәліметтер, сонымен қатар кәсіпорын (цех, бөлім, зертхана және т.б.) және ұйым қызметіне қысқаша сипаттама, еңбек қорғау, экономика мәселелері, қорытындылар мен ұсыныстар жазылуы тиіс. Есепті рәсімдеу үшін студентке іс-тәжірибе соңында 2-3 күн бөлінеді.
Іс- тәжірибе аяқталған соң студент кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссияға жіктелген бағамен сынақ (есеп қорғайды) тапсырады. Комиссия құрамына іс-тәжірибе өткізілген курсты жүргізетін оқытушы, ЖОО, факультеттен (кафедрадан) және мүмкіндігінше кәсіпорыннан іс-тәжірибе жетекшісі кіреді.
Іс-тәжірибе бағдарламасын орындамаған, есеп қорғаған кезде қанағаттанарлықсыз деген баға алған немесе жұмыс туралы теріс пікір алған студент жоғары оқу орнынан шығарылады.

Счётчик ТИЦ