ПӘНІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚҰРУҒА ЖӘНЕ РӘСІМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Әдістемелік нұсқауда оқыту бағдарламасын құруға және рәсімдеуге арналған басты талаптар, студенттер мен оқытушыларға арналған оқу бағдарламасының үлгілері, бағдарлама бөлімдерін толтыру ережелері мен құрылымы көрсетілген.
Әдістемелік нұсқау жұмыс бағдарламасын құрушыларға тәжірибелік жетекші құрал болып табылады.
Пән әдістемелік тұрғысынан төмендегілерді қамтуы керек:
- пәннің оқыту бағдарламасының екі түрі: студенттер үшін (syllabus) және оқытушылар үшін;
- әрбір пән бойынша аудиториялық жұмысқа арналған материалдар: дәріс мәтіні, семинар жоспары, тәжірибелік, зертханалық жұмыстар, аудиториялық оқытуды мультимедиямен жүргізу (аудио-видеоматериалдар, электрондық тасымалдаушы ақпараттар);
- студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар: үй тапсырмасының мәтіні, баяндама, реферат, бақылау жұмысы, курстық жұмыс және басқа оқыту материалдарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау;
- студенттер білімін бақылау материалдары: жазбаша тапсырма сұрақтары, әңгімелесуге арналған сұрақтар, емтихан сұрақтары, тест сұрақтары;
- оқыту, өндірістік, диплом алдындағы іс-тәжірибеден өту және есеп құжаттарын толтыруға арналған әдістемелік нұсқау.
Оқу бағдарламасы – жоғары және жоғарыдан кейінгі кәсіптік білім беру мамандықтарының МЖМБС сәйкес пәнді оқыту мақсатын, міндетін, мазмұны мен технологиясын анықтайтын құжат (міндетті компонент үшін).
Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте (РОӘК) мамандықтың МЖМБС құрамдас бөлігі болып табылатын типтік оқу бағдарламасы болмаған жағдайда, ПОҚ оқу бағдарламасын құрастырады.
Оқу бағдарламасы кафедра отырысында, факультеттің Әдістемелік кеңесінде, Университеттің Әдістемелік кеңесінде қарастырылып, талқыланады.
Оқу бағдарламасының жарамдылығы мамандықтың МЖМБС сәйкес.
Жұмыс-оқу бағдарламасы – типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған және мамандану бағыты мен ЖОО компоненті пәнінің мазмұнына сәйкес толықтырылған нақты ЖОО-ның жұмыс құжаты.
Жұмыс-оқу бағдарламасына білім беру мазмұнының өзгерісіне және жұмыс берушілердің ұсыныстарына қатысты өзгертулер енгізіледі.
Жұмыс-оқу бағдарламасында пәннің оқыту технологиясы мен мазмұны, тапсырмалары, мақсаты анықталып көрсетіледі. Бағдарламаға пәннің қысқаша мазмұны, барлық сабақ түрлерінің тақырыбы, тақырыпты оқытудың реті, СОӨЖ (МОӨЖ), СӨЖ (МӨЖ) тақырыптары, студенттің білімін тексеруге арналған сұрақтар, тапсырманы орындау және өткізу кестесі кіру керек.
Жұмыс бағдарламасында берілген курс бойынша қазіргі заман талабына сай білім деңгейі көрсетілуі керек. Бағдарлама жыл сайын жаңа оқу жылы басталғанға дейін жаңартылып отыруы тиіс.
Бағдарламаны бекіту алгоритмі:
- бағдарлама кафедра отырысында қаралады.
- оны факультеттің әдістемелік кеңесі ұсынады.
- факультет деканы бекітеді.
Оқу үрдісін ұйымдастыру жағдайында несиелік (кредиттік) жүйемен оқыту бағдарламасы екі түрде жасалады: студенттер үшін (syllabus) және оқытушылар үшін.
Силлабус - пәннің мақсаты мен тапсырмалары, қысқаша мазмұны, әрбір сабақтың ұзақтығы және тақырыбы, өзіндік жұмыс тапсырмалары, қосымша сабақ уақыты, оқытушы талабы, бағалау критериі, бақылау мен әдебиеттер тізімі көрсетілген пәнді оқыту бағдарламасы.
Силлабус типтік оқыту бағдарламасы, типтік оқыту жоспары және мамандықтың МЖМБС негізінде құрылады. Силлабусты құру кезінде пререквизит және постреквизитті ескере отырып жүйелі қадам қолдану қажет.
Оқу бағдарламасын құрастыруға арналған әдістемелік нұсқау
Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте (РОӘК) мамандықтың МЖМБС құрамдас бөлігі болып табылатын типтік оқу бағдарламасы болмаған жағдайда, ПОҚ оқу бағдарламасын құрастырады.
Оқу бағдарламасының жарамдылығы 3 жыл.
Оқу бағдарламасын құрастыруда келесі талаптарды орындау қажет.
Оқу бағдарламасының құрылымы:
1.Өңір беті (Қосымша 1);
2.Түсінік хат
Для каких специальностей предназначена данная дисциплина, цель дисциплины, задачи, пререквезиты, постреквезиты, компетенции, которыми студент может овладеть в результате изучения дисциплины (знания, умения, навыки).
3.Пәннің мазмұны
Кіріспе (пәннің қысқаша мазмұны);
Бөлім
Бөлім тақырыптары (әр тақырыптың қысқаша мазмұны, тақырып аясында қарастырылатын негізі мәселелер мен ұғымдар, әдіснамалық бағыты, т.б.)
4.Практикалық сабақтарға ұсынылатын тақытыртар
Семинар және практиклық сабақтарында қарастыруға ұсынылатын тақырыптар тізімі көрсетіледі.
5.Студенттің (магистранттың) оқытушымен өздік жұмыстарына ұсынылатын тақытыртар
СОӨЖ (МОӨЖ) сабақтарында қарастыруға ұсынылатын тақырыптар тізімі көрсетіледі.
6.Студенттің (магистранттың) өздік жұмыстарына ұсынылатын тақытыртар
СОЖ (МОЖ) сабақтарында қарастыруға ұсынылатын тақырыптар тізімі көрсетіледі.
7.Ұсынылатын әдебиеттер:
Пән бойынша негізгі және қосымша әдебиеттер және интернет көздері көрсетіледі. Әдебиеттер тізімінде соңғы 5 жылда жарық көрген әдебиеттер көрсетілуі шарт.
СИЛЛАБУС ҚҰРУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Силлабус - студенттерді әрбір пән бойынша оқыту бағдарламасы.
Силлабус оқу жылы басталмас бұрын әр мамандықтың, топтың ерекшеліктерін ескере, жыл сайын құрастырылады. Силлабус жасауда мазмұнының құрылымы бойынша келесі талаптар орындалуы қажет.
СИЛЛАБУС ҚҰРЫЛЫМЫ
1. Пән туралы ақпарат
Мұнда пәннің атауы мен коды; несие саны; оқу курсы және семестрі (бұл ақпараттар аталмыш мамандықтың оқу жоспарынан аланады); мамандық атауы мен шифрі; пән бекітілген кафедра атауы; оқыту түрі мен тілі; рейтинг кестесі, кеңес беру уақыты; пәнді оқитын оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, атқаратын қызметі; оқытушымен байланысу ақпараты, электрондық мекен-жайы (Қосымша 2).
2. Пәннің қысқаша сипаттамасы.
Пәнді оқытудың мақсаты типтік бағдарламаға сәйкес тұжырымдалады. Бұл қысқа және нақты тұжырымдалған мақсат берілген курсты оқып үйренудегі нәтиженің бастапқы жетістігі.
Пәнді оқып үйренудің міндеті: курстың міндеті студенттің қандай нақты білік және дағды игеруіне және мамандыққа сәйкес нақтыланады.
3. Пререквизиттер:оқып үйренетін пәнді игеру үшін қажетті білім, білік және дағды тізбесін сақтайтын пәндер.
4. Постреквизиттер:келесі пәндерді игеру үшін қажетті білім, білік және дағды тізбесін сақтайтын пәндер.
5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарда сабақтың тақырыбы, тапсырманы орындау мерзімі (семестр аптасы), тақырып бойынша сағат саны, жұмыс түрі көрсетілген кесте түрінде толтырылады.
6. Пәнді меңгеруге арналған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: негізгі әдебиеттердің тиімді саны 3-5 басты оқулықтар мен нормативті актілер.
Қосымша әдебиеттер: қосымша әдебиеттер тізімі 10-15 атаулы әдебиет көздерінен артпауы қажет.
Сонымен қатар пән бойынша интернет көздері көрсетіледі.
7. Балл қою саясаты.
8. Оқытушы талаптары.
Әрбір оқытушы студенттерге талап ету жүйесін, сабақ кезінде студенттің тәртіп ережесін, оқытушымен және студенттің басқа студенттермен қарым қатынасы ережесін ұсынады. Студенттер оқу үрдісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз етуді орындауға міндетті.Ұсынылатын тізбе жеткілікті үлкен болғанмен, барлық мүмкін ережелерді ұмытпай,оқытушының осы тармақтардың қайсысын силлабусқа енгізу керек екендігін шешу керек.
Мысалы:
а) сабаққа қатысу міндеті;
б) тәжірибелік (семинар) сабақтары кезіндегі белсенділігі;
в) үй тапсырмасы мен СӨЖ орындауға және т.б, сабаққа дайындық
Рұқсат етілмейді:
а) кешігу және сабақтан кетіп қалу;
б) сабақ кезінде ұялы телефонды қолдану;
в) алдау мен қулық;
г) тапсырманы дер кезінде тапсырмау және т.б.
9. Емтихан сұрақтары.
ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫН ҚҰРАСТЫРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
ҚР Білім және Ғылым Министрлігі бекіткен пәннің типтік бағдарламасы курстың жұмыс бағдарламасын жасау үшін негіз болып табылады.
Жұмыс бағдарламасы жоғары оқу орнының, мамандықтың ерекшелігін ескеріп, болып отыратын өзгерістерді есепке алып жыл сайын жаңартылып отырады.
Пәннің жұмыс бағдарламасы міндетті түрде факультеттің әдістемелік кеңесі отырысында қарастырылады.
ПӘННІҢ ЖҰМЫС-ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
1.Титул беті (Қосымша 3);
2.Пәннің мақсаттары мен міндеттері (Қосымша 4);
Курстың мақсаты мен міндеті.Курстың мақсаты нақты және қысқа тұжырымдалған болу керек. Мақсаттан негізгі міндеттер туындайды. Міндеттердің саны бірнешеу болып келуі мүмкін және олар дамып келе жатқан бизнес орталығында студенттер қандай экономикалық және заңгерлік функцияларды өз бетімен орындай алатынын анықтайды. Студенттің қандай нақты білік пен дағды игеретіндігі міндеттер арқылы түсінікті болу керек.
Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері. Постреквизиттер мен пререквизиттердің сауатты сипаты осы пәннің маңыздылығы мен оқып үйрену қажеттілігін аша түседі.
Курсты оқу нәтижесіндестуденттің нені білу және үйрену керек екендігін атап өту қажет, себебі еңбек нарығында маманның сұранысын арттыратын құзыреттіліктерді игеруі, қажетті біліктілігін көрсететіндей дәрежеде болуы керек.
3. Пәннің мазмұны:
Дәрістік, семинар және зертханалық сабақтардың, СӨЖ (МӨЖ), СОӨЖ (МОӨЖ) тақырыптық-күнтізбелік жоспарлары беріледі (Қосымша 4).
4.Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
Пәнді игеру барысына ұсынылатын әдебиеттер тізімін негізгі әдебиеттер (кітапханалық қорда бар, немесе соңғы 5 жылда басылымға шығарылған 2-3 оқулықтан артық емес), қосымша әдебиеттер (10-15 әдебиеттен артық емес), анықтамалық әдебиеттер (5 анықтамалық әдебиеттерден және энцеклопедиядан артық емес), нормативтік әдебиеттер (пәннің ерекшелігіне сәйкес) және интернет-көздері (5 мекен-жайдан кем емес) деп бөліп көрсету қажет. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар 30-дан кем емес болуы керек.
5. Жұмыс бағдарламасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу(Қосымша 5).
Жаңа ғылыми жетістіктер, жаңа мемлекеттік және аймақтық шарттар, сұраныс берушілердің талаптары т.б. өзгерген жағдайларда жұмыс-оқу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Егер кафедра жұмыс-оқу бағдарламасын өзгерту қажет емес деген шешімін қабылдаса және жұмыс-оқу бағдарламасының құрастырылғаны 3 жылдан артпайтын болса, өзгерістер мен толықтырулар енгізу парағы оқу жылы басталмас бұрын толтырылады. Бұл жағдайда жұмыс-оқу бағдарламасына кафедра отырысының шешімі көрсетілген хаттамадан үзінді көшірме тіркеледі.
КАФЕДРАНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУЫ
Кафедрада оқу үрдісінің толық қамтылуы ұйымдастырылуы керек.
1)МОӘК (мамандықтың оқу-әдістемелік кешені), түлек бітіртіп шығаратын кафедра меңгерушісі мемлекеттік және орыс тілдерінде құрастырады. МОӘК түпнұсқа құжаттарымен түлек бітіртіп шығаратын кафедрада сақталады.
МОӘК-ға келесі міндетті құрылымдық элементтер енгізілуі тиіс:
- Титул беті;
- МЖМБС;
- ТОЖ;
- ОЖЖ;
- МОӘК оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы;
- Кәсіптік іс-тәжірибеден өту бойынша әдістемелік нұсқаулар;
- Диплом жұмыстарын (жобалар) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар;
- Университеттің Ғылыми кеңесінің хаттамасынан таңдау компоненті пәндерін бекіту бойынша көшірме;
- Мемлекеттік қорытынды аттестаттау бойынша әдістемелік нұсқау;
- Әрбір пән бойынша емтихан билеттері (Қосымша 6).
2) ПОӘК кафедраға бекітілген барлық пәндерден орыс және қазақ тілдерінде жасалады. ПОӘК құрастыру жауапкершілігі пәнді жүргізетін лекторлар мен оқытушыларға жүктеледі. ПОӘК сақтауды кафедра меңгерушісі жауапкершілігіне алады.
ПОӘК келесі міндетті құрылымдық элементтер енгізілу керек:
- Өңір беті;
- Пән бойынша типтік / оқу бағдарламасы;
- Пәннің жұмыс-оқу бағдарламасы;
- Студент (магистрант) үшін пән бағдарламасы (Sillabus);
- Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі;
- Пәнді оқу-әдістемемен қамту картасы;
- Пән бойынша оқулықтармен және оқу құралдарымен қамтамасыз ету картасы;
- Дәрістік кешендер: дәріс тезистері, таратпа және көрнекілік материалдар, қолданылатын әдебиеттер тізімі;
- Семинар (тәжірибелік) сабақтар жоспары;
- Пәнді оқып үйрену бойынша әдістемелік нұсқаулар
- Курстық жобалар (жұмыс), лабораториялық жұмыс, графиктік есептеулерді орындау, типтік есептеулер бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдар;
- Студенттің өз бетімен жұмыс істеуі үшін материалдар: үй тапсырмасы мәтіндерін басу, әрбір тақырып бойынша өзін-өзі бақылау материалдары, ағымдағы жұмыс түрлерін орындау бойынша тапсырмалар, рефераттар мен орындау қиындығы көрсетілген басқадай үй тапсырмалары және әдебиеттер;
- Оқу, өндірістік және диплом алды тәжірибені өтеу бойынша әдістемелік нұсқаулар, есеп беру құжаттарының үлгісі;
- Студенттердің (магистранттардың) оқу жетістігін бағалау және бақылау бойынша материалдар (жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмалары, өзіндік дайындалуы үшін сұрақтар тізімі, емтихан билеттері ж.т.б.);
- Оқыту сабақтары пәннің мазмұнына сай бағдарламалық және мультимедиялық түсініктемелердің қоса берілуі (бейне-дәрістер, слайдтар, юниталар, электрондық оқу құралдары, т.б.);
-Мамандандырылған дәрісхана, кабинет және зертханалардың тізімі.
Студенттердің жұмыс жоспарын ОПҚ жасайды және оның құрылымы төмендегідей:
Студенттердің өздік жұмысты жоспарлауы, студенттердің өздік жұмыс және оларға кеңес беру кестесі бойынша кафедраның жоспары кафедралық құжат болып табылады. Оқу жылының бірінші аптасында оқытушы мен студенттің өздік жұмыс бойынша жоспары жасалады және өздік жұмысты ұйымдастыруға бөлінген аудиториялық жүктеменің көлемі көрсетіледі, сонымен бірге өздік жұмыстың саны мен түрі тұжырымдалады.
Кеңес беру кестесі семестрдің бірінші аптасында жасалады. Ол кафедра оқытушыларының студенттерге кеңес беру күні мен уақытын айқындап, кафедраның хабарландыру тақтасына ілінеді. Студенттің орындаған өздік жұмысы оқу жылының аяғына дейін кафедрада сақталады.
Кафедра оқытушылары студенттердің өздік жұмысты орындауын бақылап, дәріс пен СӨЖ арасындағы нормалардың сақталуын қадағалайды. Дәріс және СӨЖ көлемі мен мазмұны бекітіліп, әрбір жеке тақырып бойынша оқытушылар студенттердің білімін бағалау ережелерін қалыптастыруы қажет.