С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да 16 ақпаннан «Ашық университет» акциясы басталды, оның аясында мектеп түлектерін ЖОО-ға түсу шарттарымен таныстыру мақсатында Факультеттер күндері, Колледж күндері өтеді.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ базасында өткен жиында осы жылы да жоғары білімді мамандар дайындауға гранттар бөлу жалғасатыны белгілі болды. Жалпы қаржыландыруы 450 миллион теңге болатын 400 грант бөлінбек.
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы бойынша оқып жатқан С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері Өскемен қаласы жұмыспен қамту орталығының өкілдерімен кездесті.
ШҚМУ-да оқу орны ардагері, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Людмила Андреевна Федотованың «С любовью к жизни» өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен облыс мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Абай оқулары» байқауы өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының және Біліктілікті бекіту орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай Алаш қайраткері, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 125 жыл толуына арналған облыстық семинар өтті.
Елбасы, Үкімет біздің білім саласына, жастарымызға арнайы назар аударып, тұрақты түрде үлкен қамқорлық көрсетуде. Соның арқасында былтырғы жылдары көп маңызды мәселелер шешімін тапты.