27 ақпанда С. Аманжолов ат. ШҚМУ-дың 3-ші және 4-ші курс студенттері Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің және Қызмет көрсету орталығының өкілдерімен семинар-кездесу өткізді.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп беру-сайлау конференциясы өтіп, кәсіподақ комитетінің төрайымы болып Н. К. Аяғанова сайланды.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы кәсіптік бағдар беру мақсатында Өскемен мектептеріндегі өзге ұлт оқушылары арасында мемлекеттік тілден дәстүрлі «Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізді.
5 наурызда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті жастар жылына орай «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысын өткізеді.