15.02.2019
ШҚМУ-да Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына арналған облыстық семинар өтті
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының және Біліктілікті бекіту орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай Алаш қайраткері, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 125 жыл толуына арналған облыстық семинар өтті.
Семинарға Семей, Өскемен қалалары, Көкпекті, Тарбағатай аудандарының мектеп мұғалімдері және ШҚМУ қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері қатысты.
Семинарда ШҚМУ ғалымдары Бақытжан Келгембаева, Айымгүл Сейпутанова, Гүлжан Апышева баяндама жасады.
Модератор Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі Айжан Қартаева болды.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы