С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасы кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай студенттер оқу залында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» кітап көрмесін ұйымдастырды.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттері арасында «Кеудесі шын ақынның күй сарай» атты Ә.Тәжібаев поззиясы туралы эссе жазудан сайыс өтті.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде студенттер Шығыс Қазақстан облыстық дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының маманы С. Сабалановамен кездесті.
Осы оқу жылынан бастап С. Аманжолов атындағы ШҚМУ компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасында «компьютерлік мехатроника» тәжірибелік білім беру бағдарламасы ашылды.
Бүкіләлемдік радио күніне орай ШҚМУ Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушысы Н. Чыншаеваның жетекшілігімен журналистика мамандығының 1-2 курс студенттері Өскемендегі 23 жылдық тарихы бар «Микс» радиосында қонақ болды.
Қытай Халық Республикасы Қазақстан тарихын зерттеу үстінде. Тарих ғылымдарының докторы А.Н. Алексеенко қытай тіліне аударылған оқулықтың авторы атанып отыр.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ делегациясы стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Ирина Владимировна Ровнякованың басшылығымен Алтай ауданының мектептерінде болды.