Қазақстан жоғары оқу орындарының Х жазғы Универсиадасы бадминтоннан басталды. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ командасында дене шынықтыру және спорт мамандығының бес, психология мамандығының бір студенті болды.
Өскеменде, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ №5 оқу ғимаратының акт залында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының ХХІІІ конференциясы өтті, оған филиал төрағасы, облыс әкімі Д. К. Ахметов қатысты.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері Нұр-Сұлтанда және виртуалды түрде Өскеменде өткен «Адал жастар – еліміздің гүлденуінің кепілі» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жалпыреспубликалық жастар форумына қатысты.
«Webometrics Ranking of World Universities-2019» рейтингтік бағалауы бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстандағы 122 ЖОО ішінен 21 орыннан 20 орынға көтеріліп, 10 355 позицияға жайғасты.
Экономика және құқық факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Азаматтық құқық және азаматтық процесс кафедрасы «Адвокаттың азаматтық процеске қатысуы» ойындық сот процесін өткізді.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қаржы және есеп кафедрасы факультеттің әдістемелік онкүндігі аясында «ХХІ ғасыр бухгалтері» ғылыми үйірмесінің ашық отырысын өткізді.
Бүгін облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы И. Смит «Шығыс Ақпарат» медиахолдингінің ұжымына жаңа басқарма төрағасын таныстырды. Ол – Нұрбек Мұхаметқалиұлы Бекенов.